Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 16 шілде N 1815. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы алатын немесе кепiлдiк беретiн шетелдiк кредиттердi тарту, жұмсау, оларға қызмет көрсету және өтеу процестерiн мемлекеттiк реттеудi күшейту мақсатында және отандық өнiм экспортын дамытуды ынталандыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi /Қазақстан Эксимбанкi/ құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi: 
       мемлекеттiк қаржы және кредит институты болып табылады және кредит ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету және ол қаржыландыратын жобалардың жүзеге асырылуы үшiн жауап бередi; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан және соның тапсыруы бойынша қол қойылған кредит келiсiмдерiнен туындайтын барлық халықаралық мiндеттемелер бойынша Қазақстан Әлем банкiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. <*> 
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚР Президентiнiң 
1995 ж. 19 қаңтардағы N  2035  Жарлығына сәйкес. 
      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң негiзгi функциялары болып мыналар белгiленсiн: 
      - Қазақстан Республикасы алатын және кепiлдiк беретiн шетелдiк кредиттердi Қазақстан Республикасының заемшысы ретiнде тарту және агентi ретiнде оларға қызмет көрсету; 
      - Қазақстан кәсiпорындарына құрылымдық реформаларды жүргiзу және импортты алмастыратын өндiрiстердi дамыту үшiн қажеттi технологияларды, жабдықтар мен өнiмдi импорттауды ынталандыру үшiн кредиттер беру; 
      -даяр бұйымдарды және экспорттың Қазақстан үшiн дәстүрлi болып табылмайтын басқа да номенклатурасын экспорттаушыларға кредиттер беру; 
      - қазақстан банкiлерi беретiн экспорттық кредиттер тәуекелiн сақтандыру /кепiлдiк беру/; 
      - импортты қысқартуды немесе экспорты ұлғайтуды қамтамасыз ететiн өндiрiстi дамыту мақсатында кәсiпорындар мен жобаларды қысқа мерзiмге қаржыландыру; <*> 
      - шетелдiк компанияларды тарта отырып жобалардың сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу, жобаларды шетелдiк кредиттер есебiнен қаржыландыру үшiн зерделеу және iрiктеп алу; 
      - мамандандырылған халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiне өкiлдiк ету; 
       Ескерту. 3-шi тармақтың алтыншы абзацынан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N  2035  Жарлығымен. 
      (4-тармақ) <*>. 
       Ескерту. 4-шi тармақтың күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 
1995 жылғы 19 қаңтардағы N  2035  Жарлығымен.  
      5. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң жарғылық қоры мен шетелдiк кредиттерге қызмет көрсету жөнiндегi резервтiк қорды мынадай көздер: 
      - Қазақстан Әлем Банкiнiң өз капиталындағы мемлекет үлесi; 
      - 1995 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты; 
      - өз қызметiнен түскен пайда есебiнен құру қажет деп танылсын. 
      6. Қазақстан Республикасының министрлер Кабинетi: 
      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Әлем Банкi өкiлдерiнiң қатысуымен мынадай қырлары бойынша құжаттар жобаларын жасап шығару үшiн комиссия құрсын: 
      а/ жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне берiлетiн Қазақстан Әлем Банкiнiң активтерi мен пассивтерiн бөлу; 
      б/ Қазақстан Әлем Банкiнiң өз капиталындағы мемлекет үлесiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне кезең-кезеңмен берiлуi туралы Қазақстан Әлем Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арасындағы келiсiмдi даярлау; 
      в/ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жарғысының жобасын әзiрлеу; 
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң құрылтай құжаттарын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тiркеуге енгiзсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Әлем Банкi арқылы берiлген шетелдiк кредиттерде iс-қимыл жасаушы шетел кредиторлары мен сақтандырушыларын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң құрылғаны туралы хабардар етiп, олармен 1994 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде кредиттiк келiсiмдердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне қайта ресiмдеу процедуралары туралы келiссөздер жүргiзетiн болсын. 
      8. Қазақтан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн осы Жарлықпен сәйкестiкке келтiру туралы ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк 
Экспорт-импорт банкiнiң аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласында үй-жай бөлетiн болсын.
      10. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасының
      Президентi 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады