Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 6 қыркүйек N 1849. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995.08.18. N 2411 жарлығымен. ~U952411

      Мемлекеттiк және мемлекеттiк кепiлдiк арқылы тартылған қаржы ресурстары есебiнен жүргiзiлетiн инвестициялық қызметтi жетiлдiру және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Министрлер Кабинетiнiң Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiн құру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. а) Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi:
      - Қазақстан Үкiметi белгiленген елдiң экономикасын басым дамытуға сәйкес тиiмдi инвестициялық жобаларға орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кредит берудi жүзеге асыратын үкiметтiк қаржы-кредит институты болып табылады <*> ;

      <*> Ескерту: 2-тармақтың а) тармақшасының сөздермен
                  толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1995.01.19.
                  N 2035 жарлығымен.

      - кредит ресурстарының нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына, өзi қаржыландыратын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына жауап бередi;
      ә) Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi Басқармасының құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және Қаржы министрлiктерiнiң, басқа да мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi кiредi деп белгiленсiн.
      Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi Басқармасының жеке құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк даму банкiсiнiң жарғылық қоры мен кредит ресурстарын құруды Экономиканы жаңғырту қоры қаржысының, сол сияқты шетел инвестициялық кредиттерi мен басқа да оған тартылған көздердiң есебiнен жүзеге асыру қажет деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту қоры есебiнен кредит берiлген объектiлердiң қаржылық және техникалық құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Инвестицияларды қаржыландыру және кредиттеу департаментiнiң облыстық басқармалардағы тиiстi бөлiмшелерiмен қоса құрылымдық бөлiмдерiн Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiне беретiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      шетел инвестициялық кредиттерiн тарту, алу мен қызмет көрсету, инвестициялық жобаларды сараптау және басқа да мәселелер бойынша Мемлекеттiк даму банкiсiнiң қызмет аясын, оның Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкiмен және Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шетел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiкпен өзара iс-қимылының тәртiбiн айқындайтын болсын;
      бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiнiң құрылтайшы құжаттарын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiне тiркеуге ұсынсын;
      1994 жылдың 1 қазанына дейiн қарайлас инвесторлардың Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiнiң ресурстарына қатысу мүмкiндiгiн; Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiн құру және оның қызметкерлерiн оқыту жөнiнде халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетел банкiлерiмен техникалық көмек көрсету туралы мәселенi пысықтайтын болсын;
      Экономиканы жаңғырту қорының қаржысын Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiне өткiзу қажеттiгiн ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарға өзгертулер енгiзу туралы ұсыныс әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiн 
орналастыру үшiн Алматы қаласынан үй-жай бөлсiн.
     7. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады