Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 12 қыркүйек N 1862. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.23. N 2791 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету және мемлекет басшысының мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы тетiгiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру кезеңiнде елiмiздiң экономикасын ағымдағы басқаруды, шаруашылық қатынастарды реттеудi және шұғыл мәселелердi шешудi дербес қамтамасыз етiп, қабылданған шешiмдер мен шаралардың сапасы және тиiмдiлiгi үшiн толық жауап бередi деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң басшылығымен және тiкелей қатысуымен Үкiмет тек қана нарықтық өзгерiстердi жүзеге асыру және елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды мәселелерiн шешедi.
      2. Мемлекет басшысы және республика азаматтарының құқығы мен бостандығының, Конституциясының және заңдарының сақталуының кепiлi ретiнде Қазақстан Республикасының Президентiн:
      Премьер-министр - Үкiметтiң жұмысы туралы;
      Ұлттық банк төрағасы - Ұлттық банктiң жұмысы туралы;
      Жоғарғы сот, Жоғары Төрелiк Сот төрағалары - елiмiзде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, Конституцияның үстемдiгiн, заңдылық пен әдiлеттiктi қамтамасыз ету жөнiндегi соттардың жұмысы туралы;
      Бас прокурор - Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi прокуратура органдарының жұмысы туралы ұдайы хабардар етуi практикаға енгiзiлсiн.
      3. Ұлттық банктiң, соттар мен прокуратура органдарының Министрлер Кабинетiмен өзара iс-қимылы, сондай-ақ Ұлттық банк, соттар мен прокуратура органдарының қызметiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу, егер бұл мәселелер республика заңдарымен реттелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң мемлекеттiк басқару және экономиканы реттеу саласында дербестiгi ұлғаюына байланысты:
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер қойған ағымдағы әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды қарауға және шешуге Президенттiң қатысуы, егер Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзгедей шешiмi болмаған жағдайда, оларды республика Министрлер Кабинетi алдын-ала қарағаннан кейiн ғана және оның ұсынуы бойынша жүзеге асырылады;
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден, кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан Президенттiң атына келiп түсетiн мемлекеттiк басқарудың ағымдағы мәселелерi жөнiндегi немесе өндiрiстiк шаруашылық сипаттағы өтiнiштер мен ұсыныстары бар хаттарды және құжаттарды Президент Аппараты, әдетте, республика Президентiне баяндамастан, Министрлер Кабинетiне немесе тиесiлiгiне қарай өзге де мемлекеттiк органдарға жiберетiн;
      елiмiздiң iшкi және сыртқы саясатының, әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнiң жекелеген мәселелерi жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей орталық және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары табыс ете алатын болып көзделсiн.
      5. Мыналармен келiсуге жататын тәртiп белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының Президентiмен - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары Президенттiң өкiлеттiгiне жатқызған мәселелердi қозғайтын, Министрлер Кабинетiнiң Заң шығару бастамашылығы жоспары мен Заң жобалары жұмысының жоспары, сондай-ақ Министрлер Кабинетiнiң, Жоғарғы Соттың, Жоғары Төрелiк Соттың заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен әзiрленген заң жобалары;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппаратымен - Президенттiң актiлерiмен шығарылуы көзделген Министрлер Кабинетi қаулыларының жобалары, Президенттiң төрағалығымен өткiзiлген Үкiмет мәжiлiстерiнде қаралған шешiмдердiң жобалары, сондай-ақ Президенттiң актiлерiмен құрылған орталық мемлекеттiк басқару органдары туралы ережелердiң жобалары;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен Президент Жоғарғы Кеңеске енгiзетiн және Үкiметтiң құзырына жатқызылған мәселелердi қозғайтын заң жобалары;
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Жоғары Төрелiк Сотымен - Президент Жоғарғы Кеңеске енгiзетiн және Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесi мен өкiлеттiгiн қозғайтын заң жобалары.
      Экономикалық және құқықтық реформалардың, халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзгi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, ал қажет болған жағдайда Ұлттық банкiнiң, сот органдарының және Бас прокуратурасының мiндеттi түрде қатысуымен әзiрленедi.
      6. Осы Жарлықтың 5 тармағында көрсетiлген келiсу және ұсынылатын құжаттардың жобасы бойынша қорытынды әзiрлеу, егер басқаша мерзiмдер ескертiлмеген болса, оның келiп түскен күнiнен бастап екi апта мерзiмнен асырмай орындалады.
      7. Қазақстан Республикасының Президентiн елiмiздегi iстiң жай күйi туралы уақтылы әрi толық хабарлап отыруды қамтамасыз ету үшiн Президенттiң Аппаратына Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасынан, министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, ведомстволардан және Ұлттық банктен, жергiлiктi әкiмдерден қажеттi ақпарат алу, сондай-ақ оларға орындалуға мiндеттi тапсырмалар жүктеу құқығы берiлсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен оның Төралқасының мәжiлiстерiнде Президент Аппаратының Басшысы, оның орынбасарлары, мемлекеттiк кеңесшiлер, Президент Аппаратының құрылымдық бөлiмдерiнiң басшылары кеңесшi дауыспен қатысуы мүмкiн екенi көзделетiн болсын.
      9. Президент Аппаратының Басшысы Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының iс жүргiзу нормаларымен қатар Президент актiлерi дайындауды, келiсудi, қол қоюға ұсынуды, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды ұйымдастыруды көздейтiн жұмыс регламентiн бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және бекiтуге табыс етсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы

Жарлықтың қағидаларын ескере отырып Iс Басқармасының қызметiн 
ұйымдастыру және Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн әзiрлеу
тәртiбiн анықтайтын Iс Басқармасының жұмыс регламентi мен басқа
да нормативтiк құжаттарды дайындап, бекiтсiн.
     11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентi Аппаратының Басшысына жүктелсiн.
     12. Бұл Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне  енедi.

     Қазақстан Республикасының  
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады