Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2118. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Машина жасау кәсiпорындарында, металлургия мен басқа да салаларда түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын мемлекеттiк бақылау мен ұйымдастыру, орны толмас табиғат резервтерiн сақтауды, қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн: 
      1. КСРО Металлургия министрлiгiнiң Халық шаруашылығында түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi Орта Азия аумақтық мемлекеттiк инспекциясы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция құрылсын. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдалануын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Металлургия министрлiгiнiң Халық шаруашылығында түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi Орта Азия аумақтық мемлекеттiк инспекциясының құқықты мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiнде мемлекеттiк инспекцияға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық кәсiпорындарда түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүздеге асыру, сондай-ақ қара және түстi металдарды, солардан және солардың сынықтары мен қалдықтарынан жасалған бұйымдарды экспортқа шығарудың белгiленген тәртiбiн тексеруге кеден қызметтерiмен бiрге қатысу жүктелсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияны қаржыландыру Республика бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылады. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бұдан бұрын КСРО Металлургия министрлiгiнiң Халық шаруашылығында түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi Орта Азия аумақтық мемлекеттiк инспекциясына бекiтiлген мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқығын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияға беретiн болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы ереженi бекiтсiн және инспекцияның адам саны, оны қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiн шешетiн болсын. 
      6. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады