Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 10 сәуір N 2189. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.05.04. N 132 жарлығымен. ~U990132

      Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты құрылымының ішінара өзгеруіне байланысты және Аппараттың қызметін жетілдіре беру мақсатында қаулы етемін:
      I. Мына актілерге өзгертулер енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 20 мамырдағы N 1706 K941706_ қаулысында:
      1 тармақтан "Бас бақылау инспекциясының" сөздері алынып тасталсын;
      2 тармақтың күші жойылған деп танылсын;
      3 тармақтан "Президенттің аймақтардағы өкілдерін" сөздері алынып тасталсын;
      Аталған қаулының қосымшасынан "Президенттің аймақтардағы өкілдерінің тобы" сөздері алынып тасталсын.
      2. "Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 26 қазандағы N 1952 U941952_ Жарлығының 7 тармағының екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясы" сөздері "Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасы" сөздерімен алмастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 1994 K941994_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазым тізбесінен Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Бас бақылау инспекциясының төрағасы" сөздері
алынып тасталсын.
     ІІ. Мынаның:
         Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы тамыздағы 
N 1834 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 
Аймақтағы өкілі туралы ереженің күші жойылған деп танылсын.
     ІІІ. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     Оқығандар:
        Қобдалиева Н.
        Омарбекова А. 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады