1. 1994 жылғы 9 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған, Әзiрбайжан Республикасының, Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдава Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының, Түркменстанның, Өзбекстан Республикасының, Украинаның Үкiметтерiмен жасалған Еңбектегi мiндетiн атқару кезiндегi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға ұшырауына немесе денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты келтiрiлген залалды өтеуге деген құқығын өзара тану туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi