Балалы отбасыларға әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 маусым N 2341

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 9 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған, Әзiрбайжан Республикасының, Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Түрiкменстанның, Өзбекстан Республикасының, Украинаның Үкiметтерi жасасқан Балалы отбасыларына әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады