"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Алтын қоры және алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 3 сәуiрдегi N 2078 Заңы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 165-құжат).
"Тұтыну кооперациясы жүйесiнде зергерлiк бұйымдарды сатуға рұқсат беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 9 ақпандағы N 1557 Заң күшi бар Жарлығы.
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi