"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы
шығарылуына байланысты қаулы етемiн:
I. Мына заң актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
1. "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы
14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 10, 238-құжат);
2. "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы
14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы"
1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж .,
N 10, 239-құжат).
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi