1-бап.
Заңдарға сәйкес анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдарға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi.
2-бап.
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi заңдарға сәйкес анықтау, тергеу, жедел iздестiру қызметiн, сондай-ақ заңмен белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк тергеу комитетi заңдарға сәйкес анықтау, тергеу, жедел iздестiру қызметiн және солардан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және оның алдында есеп бередi, Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi.
3-бап.
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiн Қазақстан Республикасының Президентi құрады және қайта құрады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 1-тармағындағы 5) - тармақшада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Тиiсiнше Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетi төрағаларының орынбасарларын тиiсiнше Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасы мен Мемлекеттiк тергеу комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Тиiсiнше Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, оларға бағынысты органдардың өзге лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
4-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң мәртебесi, өкiлеттiгi, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi заңдармен анықталады. 5-бап. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi