"Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы" Қазақ ССР Заңына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 14 қазандағы N 2518 Заң күшi бар жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Баспасөз және бұқаралық хабарлама құралдары туралы" Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 390-құжат) мына мазмұнындағы 7-1-баппен толықтырылсын:


      "7-1-бап. Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы

      Қазақстан Республикасында баспасөз және бұқаралық ақпарат саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Президентi құратын, тарататын және қайта құратын баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы жүзеге асырады.

      Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының басшысын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады".

      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады