Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiн тарату мен Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 14 қазан N 2519

      Баспасөз бостандығын нығайту, газеттер мен журналдарға, кiтап шығару iсiне мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 3,21-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi құрылсын, ол:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi алдында есептi және Үкiмет құрамына кiрмейтiн мемлекеттiк орган болып табылады;
      2) Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыруды қамтамасыз етедi, бұқаралық ақпарат құралдары, полиграфия, телерадио хабарларын тарату мен кiтап шығару саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының таратылатын Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң мүлiгi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi иеленедi.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiктiң төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.
      4. Осы Жарлықтың 1-тармағының 2)-тармақшасында белгiленген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне:
      1) әлеуметтiк мәндi әдебиет шығару жөнiнде мемлекеттiк мұқтаждар үшiн бiрыңғай тапсырыс берушi мен тапсырыстарды орындаушы функцияларын жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң қарауындағы мәселелер бойынша инвестициялық саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      3) ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      4) баспасөз және бұқаралық ақпарат саласындағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      5) баспасөзде және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк құпияны сақтауға қатысу өкiлеттiктерi берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi үшiн 1995 жылға көзделген бюджет қаржысын Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне беретiн болсын;
      2) Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң және Қазақстан Республикасының Баспасөз және Бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң республикалық кiтап, газет-журнал баспаларын, полиграфия және өзге мемлекеттiк кәсiпорындарын басқару субъектiсiнiң функцияларын беру туралы шешiм қабылдасын;
      3) Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне барлық мемлекеттiк газеттер мен журналдардың құрылтайшысы құқығын берсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң төрағасы осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi туралы Ереженi ұсынсын.
      7. Орталық атқарушы органдар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң құрылуына және оның қызметiне байланысты мәселелердi шешуге жәрдемдесетiн болсын.
      8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
        Президентi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады