Қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Пәкстан Ислам Республикасы Үкiметiнiң арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы 1995 жылғы 12 наурызда Исламабадта қол қойылған келiсiм бекiтiлсiн.
Пакистан Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық
автомобиль қатынастары туралы
КЕЛІСІМ
(Келісім 1998 жылғы 9 наурыздан бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2003 ж., N 11, 86-құжат)
Пакистан Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бұдан былай Келісуші Жақтар деп аталады, екі ел арасында өзаралық негізде автомобиль қатынасын, сондай-ақ олардың аумақтары бойынша белгіленген маршруттарда транзитті дамытуға ынталана отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімге сәйкес екі ел арасында жолаушылар (туристерді қосқанда) мен жүктердің жүйеленген және жүйеленбеген автомобиль тасымалдаулары және Пакистан Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарымен осы Келісім бойынша транзитке рұқсат ету үшін әрбір Келісуші Жаққа арнайы белгіленген маршруттары мен аумақтары бойынша транзиті жүзеге асырылады.
1. Автобустармен жолаушылардың жүйеленген тасымалдаулары Келісуші Жақтардың құзырлы органдарының арасындағы келісімдер бойынша ұйымдастырылады.
2. Жолаушылардың жүйеленген тасымалдауларын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстары Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен бір-біріне дер кезінде беріледі. Бұл ұсыныстар тасымалдаушының (фирманың) мекен-жайы мен аты, бағыт алған маршруты, қозғалыс кестелері, тарифтер, тасымалдаушының жолаушыларды тиеу және түсіру жасай алатын аялдама пункттері, сондай-ақ тасымалдау орындаудың белгіленген кезеңі мен жүйелілігі туралы хабарларды қамтуы тиіс.
1. Екі ел арасында автобустармен жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдауларын немесе олардың аумағы бойынша транзитті жүзеге асыру үшін, осы Келісімнің 4-бабында қарастырылған тасымалдаулардан басқаларына Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен берілетін рұқсат талап етіледі.
2. Егер рұқсатта басқа нәрселер айтылмаса, онда жолаушылардың автобуспен әрбір жүйеленбеген тасымалдаулары үшін солай қарай және кері қарай бір рейс жасауға ғана құқығы бар жеке рұқсат берілуі тиіс.
3. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары жылма-жыл жолаушылардың жүруі үшін саны өзара келісілген "Рұқсат" бланкілерін бір-біріне беретін болады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзырлы органның мөрі мен қолы болуы тиіс.
4. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары "Рұқсат" бланкілерімен айырбастау мерзімі мен тәртібін өзара келіседі.
Бұзылған көлік құралдарын сол санатты басқа көлік құралымен айырбастау кезінде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген рұқсаттар талап етілмейді. Бұзылған көлік құралдары, оның тіркелген еліне жөнелтілуі тиіс.
Келісуші Жақтардың әрқайсысы екінші Келісуші Жақтың автокөлік құралдарының өз мемлекетінің аумағы бойынша кедергісіз жол жүруін қамтамасыз етеді.
1. Осы Келісімнің 7-бабында қарастырылған тасымалдаулардан басқа екі ел арасында жүктерді тасымалдау немесе олардың аумағы бойынша үшінші елге/елден транзиттер рұқсаттар негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
2. Егер рұқсаттың өзінде басқа мән айтылмаса жүктердің әрбір тасымалдануына бір рейс барып-қайту жасау құқығы бар дербес рұқсат берілуі тиіс.
3. Рұқсат тасымалдаушыға кері қайтарда өзінің аумағына дейін жүк алуға құқық береді.
4. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары бір-біріне жүктерді тасымалдау үшін жылма-жыл саны өзара келісілген "Рұқсат" бланкілерін тапсырады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзырлы органның қолы мен мөрі болуы тиіс.
5. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары өздерінің арасында "Рұқсат" бланкілерінің айырбастау мерзімі мен тәртібін келіседі.
1. Осы Келісімнің 6-бабында көрсетілген рұқсаттар мына тасымалдауларды орындауда талап етілмейді:
а) жәрмеңке мен көрме безендіру үшін арналған экспонаттар, жабдықтар және материалдарды;
б) спорт жарыстарын өткізуге арналған көлік құралдарын, жануарларды, сондай-ақ әр түрлі инвентарьлар мен мүліктерді;
в) радио-теледидар хабарларының театралдық декорациялары мен реквизиттерін, ән-күй аспаптарын, кино түсіру үшін жабдықтар мен қондырғыларды;
г) қайтыс болғандардың мәйіті мен денесін;
д) поштаны;
е) бұзылған немесе сынған автокөлік құралдарын;
ж) көші-қон кезіндегі қозғалыс мүліктерін;
з) табиғи апат кезінде көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектерді және медицина жабдықтарын.
2. Техникалық көмек көрсету үшін жіберілген автокөлік құралдарына да рұқсат талап етілмейді.
3. Егер жүк автокөлік құралы тіркелген елге қайтарылса, немесе жүк үшінші елдің аумағына тасымалданатын болса, онда осы баптың 1-тармағының а, б, в тармақшаларында қарастырылған өзгешеліктер іске асатын болады.
1. Рұқсаттар бір жылға ғана жарамды. Құзырлы органдардың өзаралық келісімінің негізінде Келісуші Жақ тасымалдаушыларының мұқтажын өтеу үшін, қажеттілігіне қарай қосымша рұқсаттар саны берілетін болады.
2. Транзитке арналған рұқсат Келісуші Жақтардың аумағы арқылы бір транзиттік рейспен барып-қайтуға ғана жарамды.
3. Бір автокөлік құралына қатысты рұқсат тек сол тасымалдаушыға ғана жарамды және басқасына беруге тыйым салынған.
1. Жүгімен немесе жүксіз жүрген бір Жақтың автокөлік құралының салмағы немесе ауқымы екінші Жақтың аумағында белгіленген қалыптан асқан кезде, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушы екінші Келісуші Жақтың құзырлы органдарынан арнайы рұқсат алуы тиіс.
2. Егер осы баптың 1-тармағында ескертілген рұқсат айқындалған маршрут бойынша автокөлік құралының қозғалысын қамтитын болса, тасымалдау тек осы маршрут бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
1. Осы Келісімде қарастырылған рұқсаттар өз елінің ішкі заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға жіберілген тасымалдаушылармен ғана орындалады.
2. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарында өз елінің тіркеу және айырмашылық белгілері болуы тиіс.
3. Осы Келісімде қарастырылған жүктерді тасымалдау жалпы халықаралық үлгіде қабылданған нысанға сәйкес болатын тауарлық-көліктік құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
1. Бір елдің тасымалдаушысына екінші елдің аумағында орналасқан екі пункттер арасында жолаушылардың немесе жүктердің тасымалдауларын жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
2. Егер тасымалдаушы екінші Келісуші Жақтың құзырлы органынан арнайы рұқсат алған болса онда ол екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына, сондай-ақ үшінші елдің аумағынан екінші елдің аумағына тасымалдауды жүзеге асыруы мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген рұқсаттарды беру кезінде Келісуші Жақтардың құзырлы органдары бір-біріне мәлімдейді.
1. Автобустың немесе жүк автомобилінің жүргізушісі өзі басқаратын автокөлік құралының санатына сәйкес келетін және автокөлік құралға ұлттық тіркеу құжатына сәйкес ұлттық немесе халықаралық жүргізу куәлігі болуы тиіс.
2. Осы Келісімнің қағидаларына сәйкес талап етілетін жол жүру рұқсаттары және басқа құжаттары автокөлік құралында болуы тиіс және бақылаушы құзырлы органдардың талап етуі бойынша ұсынылады.
Осы Келісімге сәйкес жүзеге асырылатын есептеулер мен төлемдер екі ел арасындағы тиесілі кезеңге есептеулер мен төлемдер туралы пәрменді үкіметаралық Келісімнің шеңберінде жасалатын болады.
1. Осы Келісімнің негізінде тасымалдау орындау кезінде екінші Жақтың аумағына әкелетін мына заттар кедендік алымдардан, баждардан және рұқсаттардан босатылады:
а) автокөлік құралының техникалық шарттарына сәйкес технология және конструктивті жағынан қозғалтқыштың және арнайы агрегаттың азық жүйесіне байланысты әрбір автокөлік құралының түрі үшін қарастырылған ыдыстарда болатын жағармайлар;
б) тасымалдау кезінде тұтыну үшін қажетті мөлшерде жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын бұзылған автокөлік құралдарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер кері әкетіледі, ал айырбасталған қосалқы бөлшектер елден шығарылуы немесе жойылуы тиіс немесе әкелінген елдің аумағында белгіленген тәртіппен тапсырылуы тиіс.
Осы Келісімнің негізінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау міндетті түрде азаматтық жауапкершілікті сақтандыру жағдайында жүзеге асырылады. Осындай сақтандыруды тасымалдаушы алдын-ала жасауға міндетті.
Жақтардың ішкі заңдарымен тыйым салынған қаруларды, соғыс саймандарын, әскери жабдықтарды, қопарылғыш материалдары және басқа қауіпті және зиян заттарды Жақтардың арасында тасымалдауға, сондай-ақ олардың аумағы бойынша транзитке тыйым салынады.
Шекаралық, кедендік және санитарлық бақылауға қатысты қатысушылары екі Жақ болып табылатын халықаралық шарттардың, келісімдердің және конвенциялардың қағидалары қолданылатын болады, осы шарттармен реттелмеген мәселелерді шешу кезінде Келісуші Жақтардың әрқайсысының ішкі заңдары қолданылатын болады.
Келісуші Жақтардың тасымалдаушылары аумағында автокөлік құралы жайғасқан елдің заңдары мен ережелерін, қозғалыс ережелерін сақтауға міндетті.
Осы Келісімнің ережелері бұзылған жағдайда автокөлік құралы тіркелген елдің құзырлы органдары бұзықтық болған елдің құзырлы органдарының сұрауы бойынша тасымалдаушыға бұзушыға тиісті шаралар қабылдауға және бұл жөнінде екінші Келісуші Жаққа хабарлауға міндетті.
Жол-көлік апаты, бақытсыздық жағдай немесе сынған және басқа қиыншылықтар туындаған жағдайда, осы жәйттер болған Келісуші Жақтың құзырлы органдары жолаушылар мен экипажға көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды, ал апат және ауыр залалды бақытсыздық болған жағдайда, бұл жөнінде автокөлік құралы тіркелген Келісуші Жақтың құзырлы органына мәлімдейді және оларға тергеу материалдарын және басқа қажетті ақпарларды ұсынады.
Осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында Келісуші Жақтардың құзырлы органдары Бірлескен комиссия құрады. Бірлескен комиссияның мәжілісі Келісуші Жақтардың бірінің сұрауына байланысты, қажет болуына қарай, жүргізілетін болады.
Осы Келісіммен, сондай-ақ қатысушылары екі Келісуші Жақ болып табылатын халықаралық шарттармен және келісімдермен реттелмеген мәселелер, Жақтардың әрқайсысының ішкі заңдарына сәйкес шешіледі.
Осы Келісім Келісуші Жақтардың бекіткен басқа халықаралық шарттары мен келісімдерінен туындайтын міндеттері мен құқықтарын қозғамайды.
1. Осы Келісім Келісуші Жақтар бір-бірін дипломатиялық арналар бойынша Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті заң процедураларының әрбір елде орындалғаны туралы мәлімдеген күннен бастап күшіне енеді.
2. Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын Атқару Хаттамасы қоса беріледі.
3. Осы Келісім белгісіз мерзімге бекітілген және Келісуші Жақтардың бірі дипломатиялық арналар бойынша екінші Келісуші Жаққа осы Келісімнің күшін тоқтататыны туралы өзінің ниетін мәлімдеген күннен кейінгі 90 күн өткенге дейін өзінің жарамдылығын сақтайды.
1995 жылғы 12 наурызда Иламабад қаласында екі дана болып, әрқайсысы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Келісімді түсіндіру мәселелерінде Келісуші Жақтар ағылшын тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.
(Қолдары)