Басқару құрылымдарын монополиясыздандыру, нарық қатынастарын қалыптастыру және жекешелендiру процесiн жеделдету мақсатында Қаулы етемiн: 1. "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1152 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 91-құжат) күшi жойылған деп танылсын. 2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1152 Жарлығының күшi жойылған деп тану туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 8 желтоқсан N 2673
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз