Республикалық ұлан туралы Ереженi бекiту туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 18 желтоқсан N 2689. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.08.28. N 1428 жарлығымен.

      Қаулы етемiн:

      1. Республикалық ұлан туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп
отыр).
      2. <*>
      3. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2, 3-тармақтар күшiн жойды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999.01.22. N 30  жарлығымен.

      4. Республикалық ұлан Қолбасшысы 1995 жылғы 25 желтоқсанға дейiн атқаратын мiндеттерiнiң сипаты мен көлемiне сәйкес сержанттар, старшиналар және прапорщиктер лауазымдарында контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң штаты мен тарифтiк разрядын бекiтсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы      
Президентiнiң         
1995 жылғы 18 желтоқсандағы    
N 2689 Жарлығымен       
Бекiтiлген          

  Республикалық ұлан туралы Ереже

      Осы Ереже "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және аталған Жарлықты жүзеге асыруға бағытталады. 

  I. Жалпы ережелер

      1. Республикалық ұлан жеке, Қарулы Күштер Құрамына кiрмейтiн, арнаулы әскери құрама ретiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының негiзiнде құрылған және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында белгiленген мiндеттердi орындайды. 

      2. Республикалық ұлан өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрықтары мен директиваларын, жалпы әскери жарғылар мен осы Ереженi басшылыққа алады. 

      3. Республикалық ұлан өз мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қорғаныс министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, басқа да орталық атқару органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып орындайды. 
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1997.03.05. N 3396  жарлығымен.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.

      5. Республикалық ұланның құрамалары мен бөлімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрлерi, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөртабандары, Қазақстан Республикасының тиiстi банктерiнде бюджеттiк және ағымдық шоттары бар заңды тұлға болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.  

  II. Әскери қызметшiлердiң Республикалық
ұланда қызмет өткеруi

      6. Республикалық ұлан Қазақстан Республикасының азаматтарымен шақыру бойынша, әскери қызметшiлермен ерiктi түрде контракт бойынша, жұмысшылармен және қызметкерлермен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жасақталады. 

      7. Республикалық ұланға мерзiмдi әскери қызметке шақырылатын азаматтарды шақыруды және жасақтауды Республикалық ұлан Қолбасшысы бекiткен жасақтау жоспары бойынша, кандидат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Республикалық ұланның, шекара және iшкi әскерлерiнiң режимдiк бөлiмдерiне шақырылушыларды iрiктеп алу тәртiбi туралы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкес келген ретте, Қорғаныс министрлiгi жергiлiктi әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырады. 

      8. Республикалық ұланға қабылдау кезiнде жақсы дене даярлығы бар және бойы кемiнде 178 см болатын, әуе-десант әскерлерiнде, теңiз жаяу әскерлерiнiң бөлiмдерiнде, арнаулы және ерекше мақсаттағы бөлiмдерде қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге басымдық берiледi. 

      9. Республикалық ұланда ерiктi негiзде контракт бойынша қызмет өткеруге тiлек бiлдiрген Қарулы Күштердiң, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң офицерлерi мен прапорщиктерi, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамдағы адамдары Республикалық ұлан Қолбасшысының қарамағына жiберiледi.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.  

      10. Республикалық ұланда қызмет өткеруге арналған шақырушыларды iрiктеп алудың сапасы үшiн жауапкершiлiк Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары мен жергiлiктi әскери басқару органдарына жүктеледi. 

      11. Республикалық ұлан үшiн офицерлердi даярлау Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң жоғары оқу және әскери оқу орындарында Республикалық ұлан Қолбасшысының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. 

      12. Прапорщиктер мен мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Республикалық ұланның оқу бөлiмдерiнде Республикалық ұлан үшiн көзделген бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. 

  III. Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк
iс-әрекетiн ұйымдастыру

      13. Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетi "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгiленген мiндеттердi орындау мақсатында жауынгерлiк қызмет өткерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен төтенше жағдай режимi ахуалында iс-қимыл жасауды көздейдi. 

      14. Аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi күзету жөнiндегi жауынгерлiк қызмет атқару Республика Президентiнiң Күзет қызметiмен бiрлесiп жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенiн орындауға негiзделедi. 

      15. Республикалық ұлан мен Республика Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң бiрлескен қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер орындауы барысында Күзет қызметiнiң аға лауазымды адамы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi үшiн оперативтiк бастық болып табылады. 

      16. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер орындауға Республикалық ұланның оқу бөлiмiнде арнаулы даярлық курсынан өткеннен кейiн жiберiледi және оқтын-оқтын күш, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолданумен байланысты жағдайларда iс-қимыл жасауға даярлығына тексерiлiп отырады. 

      17. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi бiрлескен күзет, жедел iздестiру және жедел-постылық шараларды орындау кезiнде жеке бронды қорғау және белсендi қорғану құралдарымен, сондай-ақ Республика Президентi Күзет қызметiнiң оперативтiк жарақтарының басқа да түрлерiн пайдалана алады. 

      18. Республикалық ұлан мен Республика Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн мiндеттер орындауға даярлау кезiнде Республикалық ұланның жауынгерлiк техникасы, қару-жарақтары, полигондары, атыс алаңдары, спорт кешенi мен Республика Президентi Күзет қызметiнiң оқу-материалдық базасы бiрлесiп пайдаланылады. 

      19. Төтенше жағдай режимi ахуалында және арнаулы операцияларда iс-қимыл жасау кезiнде Республикалық ұланның күштерi мен жарақтарын пайдалану тәртiбi Республикалық ұлан Қолбасшысының шешiмiмен белгiленедi. 

      20. Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң дәстүрлi рәсiмдерге, дипломатиялық, хаттамалық және өзге де салтанатты iс-шараларға қатысуы Президенттiң Хаттама қызметiнiң жоспары бойынша жүзеге асырылады. 

      21. Дәстүрлi рәсiмдерге, хаттамалық, дипломатиялық және өзге де салтанатты iс-шараларға қатысатын Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң мiндеттерiн, бөлiмшелерiнiң құрамын, киiм нысанын Республикалық ұлан қолбасшылығы белгiлейдi. 

      22. Республикалық ұлан Қолбасшысы орынбасарларының құрамалары, бөлімдері командирлерінің міндеттерін олардың штаттық арналуына қарай Республикалық ұланның Қолбасшысы белгілейді.
       Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1997.03.05. N 3396  жарлығымен.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.  

  IV. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiмен
тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмысты ұйымдастыру

      23. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiмен тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарлары институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 1084 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 22 маусымдағы N 1273 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдары туралы Ережеге" сәйкес жүзеге асырылады. 

      24. Республикалық ұланның жеке құрамымен жүргiзiлетiн тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiнде негiзгi күш-жiгер: 
      - әскери қызметшiлерде патриот-азамат, өз Отанына, Қазақстан Республикасының Президентiне, конституциялық, әскери борышы мен әскери антына адалдық қасиеттерiн қалыптастыруға; 
      - әскери қызметшiлердiң әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктерiн iске асыруға бағытталады. 

      25. Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс өзiне қолбасшылығы, офицерлерi, құрамалары, бөлiмдерi мен бөлiмшелерi жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенiн енгiзедi және бекiтiлген кешендi жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. 
      Ескерту. 25-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.

      26. Тәрбие жұмысының негiзгi нысаны Республикалық ұлан Қолбасшысы бекiтетiн оқу жылына арналған тақырыптық жоспарлар мен оқу бағдарламаларының негiзiнде әскери қызметшiлердiң барлық санаттарымен жүргiзiлетiн қоғамдық-гуманитарлық даярлық болып табылады. 
       Ескерту. 26-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1997.03.05. N 3396  жарлығымен.

      27. Ұланның әскери қызметшiлерiмен тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың iс-шаралары қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердi орындаудан бос, белгiленген күндерi, күн тәртiбiне сәйкес әзiрленген типтiк аптада өткiзiледi. 

      28. Республикалық ұланда Офицерлер жиналысы жұмыс iстейдi, оның жұмысы Республикалық ұлан Қолбасшысы бекiткен "Республикалық ұланның офицерлер жиналысы туралы Ереже" мен офицерлердiң жалпы жиналысында қабылданған "Ұлан офицерлерiнiң намыс кодексi" негiзiнде жүзеге асырылады. 

      29. Құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерi, бастықтары, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдары мен бөлiмшелердiң тәрбиелiк құрылымдарының лауазымды адамдары құқық тәртiбiн нығайту және құқық бұзушылықтарды есепке алу мәселелерiнде тиiстi нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
      Ескерту. 29-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.

  V. Республикалық ұланды материалдық-техникалық,
медициналық және қаржылық қамтамасыз ету

      30. Республикалық ұлан құрамалары облыстардың аумағында мiндеттер орындаған кезде жергiлiктi атқару органдары жеке құрамды орналастыру, жергiлiктi ресурстар есебiнен ағымдық үлестiң барлық түрлерiмен, республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен байланыспен және көлiкпен қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi. 

      31. Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету жұмсау шығыстарының нормаларына сәйкес аумақтық мұнай базалары арқылы, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарымен транзиттiк өнiм берiп тұруға арналған тiкелей шарттар бойынша ұйымдастырылады. 

      32. Республикалық ұланның жеке құрамын азық-түлiкпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлес нормаларына сәйкес бейбiт кезеңге солдаттар, сержанттар, прапорщиктер мен офицерлер үшiн бiрыңғай норма бойынша ай сайын, отбасы мүшелерi есептелмей, азық-түлiк паегi немесе ақшалай өтемақы берiле отырып жүзеге асырылады:
      - құрғақ паек - N 10 норма бойынша;
      - негiзгi паек - N 1 норма бойынша тәулiгiне кемiнде:
        ет - 15 г., жартылай шұжықтар - 50 г.,
        сүтсiрне - 25 г., кофе сусыны - 2 г.,
        қою сүт - 20 г., қосымша берiле отырып жүзеге асырылады.
       - Құрметтi қарауыл ротасына осы нормаға қосымша бiр адамға тәулiгiне:
      ет - 100 г. (салтанатты күтiп алу мен шығарып салу күндерi - 200 г.);
      сиыр майы - 15 г.;
      сиыр сүтi - 50 г.;
      iрiмшiктi қатты сүтсiрне - 10 г. берiлсiн. 
      Азық-түлiкпен қамтамасыз ету республика министрлiктерi мен ведомстволары арқылы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлермен, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындармен және басқа өнiм берiп тұрушылармен тiкелей шарттар бойынша ұйымдастырылады. 

      33. Республикалық ұланды заттық мүлiкпен қамтамасыз ету орындалатын мiндеттер ескерiле отырып, әскери қызметшiлердiң әрбiр санаты үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша, Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары арқылы меншiк нысанына қарамастан өнiм жасаушылармен және өнiм берiп тұрушылармен тiкелей шарттар бойынша жүзеге асырылады. 
      Монша-кiр жуу қызметiн көрсету тiкелей Республикалық ұланның құрамаларында немесе меншiк нысанына қарамастан жергiлiктi коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарында жүзеге асырылады. 

      34. Жеке құрамға тұрмыстық қызмет көрсетудi Республикалық ұланның әскери құрамаларының тiгiн, етiк тiгу шеберханалары мен шаштараздарды ұйымдастырады. 

      35. Жиhазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз ету республиканың сауда-жабдықтау органдары арқылы және тиесiлiлiк табелi мен әскери қалашықтарда және жатақханалар түрiндегi басқа да үй-жайларда қызметтiң бүкiл мерзiмi iшiнде пәтерге орналасу нормаларына сәйкес өнiм жасаушылармен тiкелей шарттар бойынша ұйымдастырылады. 
      Офицерлiк құрамды, прапорщиктердi, контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген мерзiмiнен тыс әскери қызмет өткерушiлердi, әскери қызметшi әйелдердi тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысына басқа ведомстволармен үлестiк қатысуды қоса алғанда, тұрғын үй салу, республикалық бюджет есебiнен даяр тұрғын үй салу, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу жолымен жүзеге асырылады. 

      36. Әскери қалашықтарды жаңадан салуды, қайта жаңартуды және жөндеудi жоспарлау мен жүргiзу қолданылып жүрген нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      37. Техникалық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Республикалық  ұланның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.

      38. Автомобиль және бронды танк техникасын тиiмдi пайдалану және оны пайдалану кезiнде мемлекеттiк қаражат шығыстарын анықтау мақсатында автомобиль және бронды танк техникасының моторесурстарын жұмсау шығыстарының мынадай жылдық нормалары белгiленедi:
___________________________________________________________________  Машинаның типi,        | Пайдалану топтары
моторесурстарды өлшеу   |_________________________________________
    бiрлiгi             |жауынгерлiк| саптық |көлiк   |  оқу
___________________________________________________________________
Бронетранспортерлер          500                           2500
 Автомобильдер:
 жеңiл, км                     -                  60000      24000
 жүк, км                       -         3000     60000      24000
 арнаулы, км                  2000       3000     7000       16000

соның iшiнде:
 жолаушы автобустары мен
 шағын автобустар, су және
 азық-түлiк тасымалдауға
 арналған автомобильдер,
 рефрижераторлар                                   36000
 

      39. Республикалық ұланды жауынгерлiк техникамен, қару-жарақпен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi; автомобиль техникасымен, босалқы бөлшектермен және жарақтармен қамтамасыз ету, меншiк нысанына қарамастан, өнiм жасаушылармен және берiп тұрушылармен тiкелей шарттар бойынша жүргiзiледi. 
      Қару-жарақты, оқу-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен арнаулы құралдарды құрамаларда, бөлiмдер мен бөлiмшелерде эшалондарға жинақтау Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрықтарымен енгiзiледi. 

      40. <*>
      Ескерту. 40-тармақ алынып тасталды - ҚР Президентінің 1998.02.25. N 3855  жарлығымен.
 

      41. Республикалық ұланның жеке құрамын медициналық қамтамасыз ету, медициналық мүлiкпен және дәрi-дәрмекпен жабдықтау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нормалары мен талаптарына орай жүзеге асырылады. 
      Республикалық ұлан мен Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне мамандандырылған медициналық көмек Республикалық ұланның емдеу-оңалту орталығында (госпитальда) және Қорғаныс министрлiгiнiң емдеу госпиталi арқылы көрсетiледi. 
      Республикалық ұланның медициналық қызметi ұланның, Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне, әскери зейнеткерлерге және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне емхана мен ауруханада медициналық көмек көрсетудi ұйымдастырып, жүзеге асырады. 
      Әскери қызметшiлер, әскери зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелерi демалыс уақытында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етiледi.
      Медициналық қызмет әскери қызметшiлердi шақыру, запасқа шығару кезiнде әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу мен олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн анықтау үшiн куәландыруды жүзеге асырады.

  VI. Республикалық ұланның генералдар атқаратын
лауазымдарының тiзбесi

       ЕСКЕРТУ. VI-бөлім күшiн жойды - ҚР Президентiнiң 1996.05.08.  N 2984  жарлығымен.

    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады