"Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2708 заң күші бар Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Заңның атауы мына редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы";

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi

      IIМ-iнiң iшкi әскерлерi осы Заңда, IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген өздерiне тапсырылған объектiлердi, қоғамдық қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi қызметтiк-әскери мiндеттердi орындауға арналған әскери ұйым болып табылады. Iшкi әскерлер соғыс кезiнде Қарулы Күштерiнiң резервi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысының шешiмi бойынша Қарулы Күштердiң құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға тартылады";

      3) 2-баптың төртiншi абзацындағы "органдарына көмек көрсету" сөздерi "органдарымен бiрлесiп қатысу" сөздерiмен алмастырылсын;

      4) 3-бап мына редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi

      IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан

      Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк

      актiлер құрайды.

      IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын

      прокурорлар жүзеге асырады";

      5) 4-баптың екiншi бөлiгi мына редакцияда жазылсын:

      "Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң жүйесiне енедi.

      Әскерлердi тiкелей басқаруды Iшкi iстер министрi - iшкi әскерлер

      Қолбасшысы жүзеге асырады";

      6) 6-баптағы "iшкi әскерлерiне" сөздерiнiң алдынан "IIМ-iнiң"

      сөзi қосылсын;

      7) 7-баптағы:

      екiншi абзац алынып тасталсын;

      төртiншi абзац мына редакцияда жазылсын:

      "- Iшкi iстер министрiн - iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке

      тағайындайды, қызметтен босатады";

      8) 8-баптың:

      атауындағы және бiрiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетi"

      сөздерi "Үкiметi" сөзiмен алмастырылсын;

      9) 9-баптың төртiншi абзацы алынып тасталсын;

      10) 10-бап мына редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi - Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерiнiң Қолбасшысы

      Iшкi iстер министрi - iшкi әскерлерiнiң Қолбасшысы:

      Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен iшкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;

      Республика Үкiметiнiң қарауына iшкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi;

      Республика Үкiметiне iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыным енгiзедi;

      Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi Бас басқармасының құрылымы мен штатын бекiтедi;

      iшкi әскерлердiң тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiгiн сақтап отырады;

      әскерлердiң қызметтiк-әскери жұмысына, жедел және жауынгерлiк әзiрлiгiне, озық тәжiрибенi енгiзуге, материалдық базаны дамытуға және адам құрамы үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етедi;

      әскерлердi мерзiмдiк қызметке шақырылған әскери қызметшiлерiмен және контракт бойынша ерiктi түрде жасақтау; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарына сәйкес оларды запасқа шығару жоспарларын әзiрлейдi;

      бұйрықтар, директивалар, нұсқаулар, нұсқамалар, ережелер, басшылық қағаздар шығарады және құрамалардың, әскери бөлiмдердiң штаттарын, iшкi әскерлердiң жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiктерiнiң жоспарлары мен бағдарламаларын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардың жоспарларын бекiтедi;

      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес IIМ-iнiң iшкi әскерлерi офицерлерiнiң әскери қызмет атқару мәселелерiн шешедi, оларды құрама командирiне дейiнгi қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, оларға бастапқы әскери атақтан бастап полковник атағын қоса әскери атақтар бередi, запасқа немесе отставкаға шығарады;

      IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсынады;

      жауынгерлiк және өзге техника мен басқа да мүлiктi әскерлердi жарақтандыруға (жабдықтауға) қабылдайды, жарамсыз күйге келген немесе жоғалған материалдық құндылықтарды және әскери (бюджеттiк) есептегi ақшалай қаражаттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептен шығарады";

      11) 11-баптың екiншi абзацындағы "Iшкi iстер министрi" сөздерiнен кейiнгi "мен" жалғауы дефиспен алмастырылсын;

      12) 12-баптың екiншi бөлiгiндегi "Байланыс министрлігi, Тасымал министрлiгi" сөздерi "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" сөздерiмен алмастырылсын;

      13) 13-бап мына редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Облыстық iшкi iстер басқармаларының бастықтары

      Облыстық iшкi iстер басқармаларының бастықтары:

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң - Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерi Қолбасшысының рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi арнайы моторландырылған милиция бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайлардың (жағдаяттардың) зардаптарын жою үшiн, ал еңбекпен түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдаяттардың зардаптарын жою үшiн пайдаланады;

      құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп еңбекпен түзеу мекемелерiн күзету жөнiндегi және арнайы моторландырылған милиция бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттiң көлемiн олардың санына орай айқындайды;

      еңбекпен түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен арнайы моторландырылған милиция бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды;

      еңбекпен түзеу мекемелерiн күзететiн әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң тiршiлiгіне, сондай-ақ iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген IIМ-iнiң iшкi әскерлерi бөлiмдерiне тиiстi жағдайлар туғызады;

      әскерлер күзететiн объектiлердi инженерлiк-техникалық құралдармен жабдықтау, күзет үй-жайларын, әскери қалашықтар салып, оларды көркейту мен жөндеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      еңбекпен түзеу мекемелерiн күзетудi жүзеге асыратын бөлiмдер мен бөлiмшелердiң офицерлерiн, прапорщиктерiн, мерзiмнен тыс қызметтегi қызметшiлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу жөнiндегi шараларды қолданады";

      14) 15-бап мына мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Бейбiт кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас

      штабымен бiрге бiрлескен iс-қимыл нұсқаларын жоспарлайды";

      15) 21-баптың екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiнiң"

      сөздерi "Үкiметiнiң" сөзiмен алмастырылсын;

      16) 25-баптың төртiншi бөлiгiндегi "Министрлер Кабинетi"

      сөздерi "Үкiметi" сөзiмен алмастырылсын;

      17) 26-баптың алтыншы бөлiгiндегi "Министрлер Кабинетi" сөздерi

      "Үкiметi" сөзiмен алмастырылсын;

      18) 29-баптың:

      атауындағы және екiншi бөлiгiндегi "Iшкi әскерлерi туралы"

      сөздерiнiң алдына "IIМ-iнiң" сөзi қосылсын;

      19) 33-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Министрлер Кабинетi" сөздерi

      "Үкiметi" сөзiмен алмастырылсын;

      20) 37-баптағы "Министрлер Кабинетi" сөздерi, "атқарушы және

      өкiмшi органдар" сөздерi тиiсiнше "Үкiметi", "атқарушы өкiмет

      органдары" сөздерiмен алмастырылсын;

      21) 38-баптағы "Iшкi әскерлерi" сөздерiнiң алдынан "IIМ-iнiң"

      сөзi қосылсын;

      22) 39-баптағы "Министрлер Кабинетi", "атқарушы және әкiмшi

      органдар" сөздерi тиiсiнше "Үкiметi", "атқарушы өкiмет органдары"

      сөздерiмен алмастырылсын;

      23) 40-баптағы "Iшкi iстер министрi" сөздерiнен кейiн " -

      Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерiнiң Қолбасшысы" сөздерi

      қосылсын.

      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады