Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамының арнаулы атақтары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2719 Заң күші бар жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 12 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрылуына байланысты осы Жарлықты шығарамын.

      1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi үшiн мынадай арнаулы атақтар белгiленсiн:

      қатардағы құрам

      қатардағы әдiлет қызметкерi

      кiшi басшы құрам

      әдiлет кiшi сержанты

      әдiлет сержанты

      әдiлет аға сержанты

      әдiлет старшинасы

      әдiлет прапорщигi

      әдiлет аға прапорщигi

      орта басшы құрам

      әдiлет кiшi лейтенанты

      әдiлет лейтенанты

      әдiлет аға лейтенанты

      әдiлет капитаны

      аға басшы құрам

      әдiлет майоры

      әдiлет подполковнигi

      әдiлет полковнигi

      жоғары басшы құрам

      әдiлет генерал-майоры

      әдiлет генерал-лейтенанты

      әдiлет генерал-полковнигi

      2-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке ауысқан iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне олардың бұрынғы атақтарына тең арнаулы атақтар берiледi деп белгiленсiн.

      Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке ауысқан прокуратура органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1992 жылғы 6 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы, прокуратура қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi мен әскери атақтары туралы ережеде белгiленген қатыста арнаулы атақтарға теңестiрiледi.

      3-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жоғары басшы құрамына арнаулы атақтары Республика Президентi бередi.

      Мемлекеттiк тергеу комитетi лауазымды адамдарының басқа арнаулы атақтарды беру жөнiндегi құқығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен белгiленедi.

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң әскери қызметшiлерiне әскери атақтары аталған Комитеттiң Төрағасы заңдарға сәйкес бередi.

      4-бап. Осы Жарлықтың 2-бабы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереже қабылданғанға дейiн қолданылады.

      5-бап. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады