Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007.06.04. N 258 Заңымен.

      Ескерту. Актінің нысаны мен тақырыбы өзгерді, кіріспе алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.07. N 112 Заңымен.

I Тарау
Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi болып табылады.

      2-бап. Мыналар бекiтiлсiн:

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының бейнесi (сызба және түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi).

      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi (ақ-қара және түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi).

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнi (қоса берiледi).

      3-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн қастерлеуге мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

II Тарау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы

      4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тiк жолақ көктеп өтедi. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен оның бейнесi, көлемдерiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы эталонының түрлi-түстi және сызба бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

      5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мынадай жерлерде тiгiледi немесе орнатылады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергiлiктi атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық және сауда өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң ғимараттарында - ұдайы;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң сессия (бiрлескен және бөлек) отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң отырыстары, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сессиялары өтетiн залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң отырыс залында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының сот мәжiлiсi залдарында, сондай-ақ дүниеге келген нәрестелердi және некенi салтанатты түрде тiркейтiн орын-жайларда - ұдайы;

      3) егер бұл халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен халықаралық форумдар өтетiн ғимараттарда немесе орын-жайларда;

      4) ресми адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мiнген теңiз кемелерiнде, iшкi жүзу кемелерiнде және басқа да қатынас құралдарында;

      5) белгiленген тәртiппен тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде;

      6) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;

      7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Республикалық ұланының әскери құрамалары мен бөлiмшелерiнде - ант қабылдау кезiнде;

      8) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ғимараттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi күнi және мереке күндерi.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының бейнесi Қазақстан Республикасының әуе кемелерiнде орнатылады.

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының өзге де реттерде мiндеттi түрде тiгiлуi немесе орнатылуы көзделуi мүмкiн.

      6-бап. Ұлттық азаға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы тұғырдың биiктiгiнiң жарты деңгейiне ұлттық аза тұту мерзiмi бойына төмен түсiрiледi.

III Тарау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы

      7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасында көгiлдiр түс аясында шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесiндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкерiп тұр. Елтаңбаның төменгi жағында "Қазақстан" деген жазу бар.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi екi түрлi: алтын және көгiлдiр-көк түстi болады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

      8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi:

      1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Республикалық ұланының құрамалары мен бөлiмдерiнiң штабтарының, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң ғимараттарында;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының сессия (бiрлескен және бөлек) отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен оның Төралқасының отырыстары, Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының сессиялары өткiзiлетiн залдарда, Конституциялық Кеңестiң отырыс залында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының сот отырысы залдарында, дүниеге келген нәрестелердi және некенi салтанатты түрде тiркеу орындарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiмет наградалары тапсырылатын орын-жайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң қабылдау залдарында;

      3) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, оның Палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң, Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Соты мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Республикалық ұланының әскер құрамалары мен бөлiмдерiнiң, мәслихаттардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңдарымен мөрлерiнде және құжаттарының бланкiлерiне елтаңбаның бейнесiн орналастыру құқығы берiлген мөрлерiнде және құжаттарының бланкiлерiнде;

      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиын ақшаларында, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақшалай-заттай лотерея билеттерiнде;

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен төлқұжатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына берiлетiн басқа да төлқұжаттарда;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында орналастырылады.

      Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнесiнiң көшiрмесiн орналастырудың басқа да реттерi көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.30. N 141 Заңымен .

IV Тарау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi

      9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi:

      1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сессияларын ашу және жабу кезiнде;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi мен Қазақстан Республикасында аталып өтетiн мерекелiк күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезiнде;

      3) қазақ мемлекеттiк теледидары мен радиохабары беретiн хабарларда - Жаңа жыл түнi 24.00 сағатта; Қазақ мемлекеттiк теледидары хабарларында - Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесi күнгi бағдарламасының басында - 25 қазанда, мереке күндерi - 1, 2-қаңтарда, 8-наурызда, 22-наурызда, 1-мамырда, 9-мамырда, 30-тамызда, 16-желтоқсанда; қазақ мемлекеттiк радиохабары беретiн хабарларда - күн сайын республикалық бағдарламаның бастауы мен аяқталуы кезiнде;

      4) Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметiне ескерткiштер, монументтер, құлпытастар мен өзге де құрылыстарды ашу кезiнде;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерi мен өзге де ұйымдары өткiзетiн дәстүрлi рәсiмдер, салтанатты iс-шаралар кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiлген кезде;

      6) Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген шет мемлекеттердiң мемлекет басшыларын, парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезiнде - тиiстi шет мемлекеттiң Мемлекеттiк гимнi орындалғаннан кейiн;

      7) жоғары, орта арнаулы оқу орындарында, жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде - жаңа оқу жылының басталуы мен оқу жылының аяқталуына арналған рәсiмдер, сондай-ақ өзге де салтанатты iс-шаралар кезiнде орындалады.

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң мiндеттi түрде орындалуының басқа да реттерi белгiленуi мүмкiн.

      10-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн оркестр, хор, хор-оркестр не өзге де әншiлер мен сазды аспаптар орындай алады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары қолданылуы мүмкiн.

      Әншiлер мен әншiлер-сазды аспаптар орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi толық орындалады, ал сазды аспаптар орындаған жағдайда Гимндi iшiнара орындауға жол берiледi - оның әуенi мен қайырмасы бiр дүркiн орындалады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi оның мәтiнiмен және музыкалық редакциясымен дәлме-дәл сәйкестiкте орындалуға тиiс.

      11-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi көпшiлiк алдында орындалған кезде қатысушылар Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды.

      Қазақстан Республикасының органдары мен ұйымдары шет мемлекеттер аумағында iс-шаралар өткiзген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiлеген ережелерге сәйкес, олар болған елдiң қалыпты практикасы мен жергiлiктi әдет-ғұрыптары ескерiле отырып орындалады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.07. N 112 Заңымен.

      12-бап. Мемлекеттiк нышандардың осы Конституциялық заңмен реттелмеген бөлiгiнде әскери бөлiмдерде, әскери корабльдер мен кемелерде, ұлттық қауiпсiздiк органдары мен құқық қорғау органдарында, сондай-ақ спорт жарыстары өткiзiлген кезде қолданылу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.07. N 112 Заңымен.

      13-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiн дәлме-дәл орындауды бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ ұйымдарының басшыларына жүктеледi.

V Тарау
Жалпы ережелер

      14-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасының әкiмдерi тұрақты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын насихаттау, азаматтардың бойында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына құрмет сезiмiн қалыптастыру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеп, iске асырсын.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) өзiнiң актiлерiн осы Конституциялық заңға сәйкес келтiрсiн;

      2) осы Конституциялық заңнан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.07. N 112 Заңымен.

      15-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңдарының күшi жойылған деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" 1992 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 260-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы туралы" 1992 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 262-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнiнiң музыкалық редакциясы туралы" 1992 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 264-құжат);

      4) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң мәтiнi туралы" 1992 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 23, 554-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi туралы" 1992 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 23, 555-құжат);

      6) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" 1992 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 261-құжат);

      7) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" 1992 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 263-құжат);

      8) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" 1992 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 23, 556-құжат).

      16-бап. Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.07. N 112 Заңымен.

Қазақстан Республикасының


Президентi







  Республикасының Конституциялық заңына
ҚОСЫМША

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.07. N 112 Заңымен.

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы

      Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов



      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік гимнінің мәтіні

      Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

      Нұрсұлтан Назарбаев

      Алтын күн аспаны,

      Алтын дән даласы,

      Ерліктің дастаны,

      Еліме қарашы!

      Ежелден ер деген,

      Даңқымыз шықты ғой.

      Намысын бермеген,

      Қазағым мықты ғой!

      Қайырмасы:

      Менің елім, менің елім,

      Гүлің болып егілемін,

      Жырың болып төгілемін, елім!

      Туған жерім менің - Қазақстаным!

      Ұрпаққа жол ашқан,

      Кең байтақ жерім бар.

      Бірлігі жарасқан,

      Тәуелсіз елім бар.

      Қарсы алған уақытты,

      Мәңгілік досындай.

      Біздің ел бақытты,

      Біздің ел осындай!

      Қайырмасы:

      Менің елім, менің елім,

      Гүлің болып егілемін,

      Жырың болып төгілемін, елім!

      Туған жерім менің - Қазақстаным!

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады