"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша уәкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, Ақмола қаласын абаттандыру және оны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау үшiн инвестициялар тарту мақсатында Қаулы Етемiн:

      1."Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2235 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, N 43-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2) Ақмола қаласында тiркелген және құрылыспен шұғылданатын шетелдiк немесе шетелдiң қатысуымен құрылған ұйымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн ұйымдар, құрылысқа байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге";

      2), 3), 4), 5) тармақшалар тиiсiнше 3), 4), 5), 6) тармақшалар болып саналсын.

      2. 123-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Ақмола қаласында құрылыспен шұғылданатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, құрылысқа байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге";

      7), 8) тармақшалар тиiсiнше 8), 9) тармақшалар болып саналсын.

      3. 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен


      толықтырылсын:

      "4) Ақмола қаласында құрылыспен шұғылданатын, Қазақстан

      Республикасының Үкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, құрылысқа

      байланысты қызметiнiң кезеңiне, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге

      босатылады".

      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады