1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Жоғары экономикалық кеңес құрылсын (бұдан былай - Жоғары экономикалық кеңес).
2. Былай деп белгiленсiн:
1) Жоғары экономикалық кеңес консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады;
2) Жоғары экономикалық кеңестi Төраға - Қазақстан Республикасының Президентi басқарады;
3) Жоғары экономикалық кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды;
4) Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары болады;
5) Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары материалдық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарына теңестiрiледi;
6) Жоғары экономикалық кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi оның Хатшылығы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi жүзеге асырады.
3. Жоғары экономикалық кеңестiң мiндеттерi:
1) стратегиялық сипаты бар проблемаларды шешу жөнiнде ұсыныстар даярлау;
2) Мемлекет басшысы үшiн экономиканың, оның негiзгi салалары мен секторларының жай-күйi жөнiнде баяндамалар мен талдау материалдарын даярлау;
3) мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының негiзгi бағыттары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
4) шет елдерде, соның iшiнде өтпелi экономикасы бар елдерде,
экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжiрибесiн зерделеу және оны Қазақстанда қолдану жөнiнде ұсыныстар даярлау; 5) мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар даярлау; 6) Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын өзге де мiндеттер болып табылады деп белгiленсiн. 4. Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына: 1) Жоғары экономикалық кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныс; 2) Жоғары экономикалық кеңес туралы ереженiң жобасын; 3) Жоғары экономикалық кеңес Хатшылығының құрылымы мен штат саны жайында ұсыныс енгiзетiн болсын. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi