сәйкес қаулы етемiн: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi төрағасының, мүшелерi мен хатшылығы қызметкерлерiнiң қоса берiлiп отырған лауазымдық жалақылары бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3013 Жарлығына қосымша Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi төрағасының, мүшелерiнiң және оның хатшылығы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары ___________________________________________________________________ Лауазым атаулары | Айлық лауазымдық | жалақы (теңге) ___________________________________________________________________ Есеп комитетiнiң төрағасы 7 400 Есеп комитетiнiң мүшесi 6 800 Хатшылық меңгерушiсi - департамент бастығы 6 000 Хатшылық меңгерушiсiнiң орынбасары - департамент бастығының орынбасары 5 500 Консультант - департамент бөлiмiнiң бастығы 5 000 Төрағаның көмекшiсi 4 100 Бас бухгалтер 4 100 Жетекшi маман 3 800 Аға инспектор 1 900
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi төрағасының, мүшелерi мен хатшылығы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3013. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1997.04.01. N 3436 жарлығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз