Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру, оны қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметiне негiзсiз араласу фактiлерiн болғызбау мақсатында қаулы етемiн:
1. Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, сондай-ақ барлық деңгейдегi әкiмдер азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiне әдейi заңсыз араласқан және заңсыз актiлер шығарып, кәсiпкерлiк қызметке бөгет жасайтын заңсыз тапсырмалар берген жағдайда, олар мемлекеттiк қызметтен шығарылуға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылуға тиiс деп белгiленсiн.
2. Қадағалау және бақылау функцияларын iске асыратын мемлекеттiк органдар:
1) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерулердi, еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтауды тексерулердi қоспағанда, егер заңда өзгеше көзделмеген болса, жылына бiр реттен жиi өткiзбейтiн, әрi өз құзыреттерiнiң шегiнде ғана жүргiзетiн болсын;
2) жыл сайын тексерулердiң қосарлануына жол берiлмейтiн iшкi ведомстволық кешендi жоспарларын бекiтсiн;
3) бiр ай мерзiмде қатаң есептiлiк бланкiлерiнде ресiмделiп, тексерiлушiге көшiрмесi мiндеттi түрде тапсырылатын белгiленген (соның iшiнде үшiншi тұлғалардың өтiнiштерi негiзiндегi) тексерiстiң әрқайсысы бойынша арнаулы нұсқамалардың мiндеттi түрде шығарылуын қамтитын тексерiстер өткiзу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын. Тексерiстердi жүргiзу тәртiбi жариялануға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 1-тармақшасы толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1997.01.29. N 3344
жарлығымен.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
1) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметiне әдейi заңсыз араласқаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн күшейту мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне түскен арыздарды соттарда қарау тәртiбiн оңайлату мәселелерi жөнiнде "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзетiн болсын;
2) орталық атқарушы органдардың бақылау және қадағалау өкiлеттiктерiн айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.
4. Осы Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi