"Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 3344 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтау мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 маусымдағы N 3036 U963036_ Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 27, 227-құжат) 2-тармағының 1-тармақшасы "егер заңда өзгеше көзделмеген болса" сөздерiнiң алдынан "еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтауды тексерулердi қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады