Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 1 маусымдағы N 3049

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн кiшi командалық құрамның кадрларын даярлау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусы құрылсын.
      2. Былай деп белгiленсiн:
      1) Кадет корпусы оқушыларының жалпы санын 360 адам құрайды;
      2) Кадет корпусының орналасатын жерi Көкшетау облысының Щучинск қаласы болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Кадет корпусы туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
      2) Кадет корпусын орналастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн 1996 жылға арналған республикалық бюджетте қорғаныс үшiн көзделген қаражат шегiнде шешсiн;
      3) Кадет корпусында оқу процесiнiң 1996 жылғы 1 қыркүйектен басталуын қамтамасыз етсiн;
      4) Кадет корпусы кешенiнiң объектiлерiн салуға кiрiсетiн болсын;
      5) Кадет корпусының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының
      Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады