Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы жекелеген консультативтiк-кеңесшi органдарды тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 3067


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
консультативтiк-кеңесшi органдар жүйесiн реттеу мақсатында қаулы
етемiн:
     1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мына
консультативтiк-кеңесшi органдар таратылсын:
     1) Кәсiпкерлер кеңесi;
     2) Республика кеңесi;
     3) Экономикалық консультанттар кеңесi;
     4) Сарапшылық банк кеңесi;
     5) Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңес;
     6) Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
республикалық кеңес;
     7) Спорт жөнiндегi кеңес;
     8) Мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi
байқаушы кеңес.


      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайда Республика үкiметi жанынан осы тәрiздi консультативтiк-кеңесшi органдарды құру мақсатында таратылатын консультативтiк кеңесшi органдардың құзыретi мен қызметiне талдау жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысына қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн қарау бөлiгiнде Қауiпсiздiк Кеңесiнiң өкiлеттiгiн кеңейту жөнiнде ұсыныстар берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары бiр ай мерзiмде Мемлекет басшысының қарауына Жоғары экономикалық кеңес жанынан кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiнде сараптама кеңесiн құру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына актiлерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы" 1992 жылғы 4 маусымдағы N 792 қаулы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, N 21. 340-құжат);
      2) "Республика Кеңесiн құру туралы" 1992 жылғы 28 желтоқсандағы N 1038 Жарлық (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, N 46, 680-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы Ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 29 желтоқсандағы N 1041 қаулы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, N 46, 685-құжат);
      4) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесi туралы" 1994 жылғы 23 ақпандағы N 1576 өкiм;
      5) "Сарапшылық банк кеңесiн құру туралы" 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1638 қаулы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 16, 153-құжат);
      6) "Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi туралы" 1994 жылғы 6 желтоқсандағы N 1979 Жарлық (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 46, 494-құжат; 1995 ж, N 13, 151-құжат; N 32, 394-құжат);
      7) "Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық кеңес құру туралы" 1995 жылғы 1 сәуiрдегi N 2165 Жарлық (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 12, 135-құжат), 6-тармақты қоспағанда;
      8) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық кеңес құру туралы" Жарлығына өзгертулер енгiзу туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2921 Жарлық;
      9) "Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық кеңес туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 1 сәуiрдегi N 2166 қаулы;
      10) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2262 қаулы;
      11) "Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Мемлекеттiк

бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi Байқаушы кеңес құру
туралы" 1995 жылғы 14 қазандағы N 2520 Жарлық.
     6. "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту
жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығының 1-тармағы
алынып тасталсын.
     7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi


      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады