Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 8 қазан N 3123. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.03.31. N 104 Жарлығымен. ~U990104

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қаулы Етемiн:
      1. Қызылорда облысының Қызылорда қаласының аумағында 2007 жылға дейiнгi кезеңге Қызылорда арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
      2. Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1996 жылғы
8 қазандағы N 3123
Жарлығымен
бекiтiлген

Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығы талаптарының негiзiнде әзiрлендi, ол Қызылорда арнайы экономикалық аймағы аумағындағы шаруашылық қызметтiң құқықтық және экономикалық негiздерiн, Қызылорда арнайы экономикалық аймағы Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлеттiгiн айқындайды және оның аумағында тiркелген барлық меншiк нысанындағы ұйымдарға қолданылады.

I. Жалпы ережелер

      1. Қызылорда арнайы экономикалық аймағы (бұдан былай - Қызылорда АЭА) Қызылорда қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiнде орналасқан. Қызылорда АЭА-ның жалпы аумағы 82136 га.
      Қызылорда АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.09.10.
               N 3628 жарлығымен. U973628_
      2. Қызылорда АЭА экономикасын республикалық және халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне интеграциялау негiзiнде экологиялық жағынан қолайсыз қалада әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу үшiн құрылып отыр. Осыған орай Қызылорда АЭА-ын құрудың негiзгi мақсаттары:
      қаланың өндiргiш күштерiн интенсивтi дамыту, кәсiпкерлiк қызметтi жандандыру арқылы ғылым мен техниканың және алдыңғы қатарлы технологияның осы заманғы жетiстiктерiн өндiрiске енгiзу, экспортқа бағдарланған тиiмдiлiгi жоғары өндiрiстер құру, жаңа өнiм түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды, басқару тәжiрибесiн тарту, шетелдермен ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты интенсивтендiру;
      қаланың экспорттық мүмкiндiктерiн арттыру, импортты алмастыратын өнiмдер өндiрудi дамыту жолымен аймақтың қолдағы табиғи ресурстарын ұтымды, кешендi игеру;
      осы заманғы өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жасау;
      басқару мен шаруашылық жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн енгiзу;
      әлеуметтiк-экологиялық проблемаларды шешу болып табылады.
      3. Қызылорда АЭА-ның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдардағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

II. Қызылорда АЭА-ын басқару

      4. Қызылорда АЭА-ның аумағындағы басқару органы Әкiмшiлiк кеңес болып табылады, оны республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, Қызылорда АЭА-ның аумағында тiркелген заңды тұлғалардың өкiлдерiнен оның төрағасы құрады.
      5. Қызылорда АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi заңды тұлға болып табылады, ол оқшауланған мүлiктi иеленедi, өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiлiк емес құқықтар ала алады, өзiне мiндеттемелер алады, сотта қуынушы және жауапкер бола алады, сондай-ақ өзiнiң атауы жазылған елтаңбалы мөрi мен басқа да қажеттi деректемелерi болады.
      6. Әкiмшiлiк кеңестi Қызылорда қаласының әкiмi басқарады, ол сонымен бiр мезгiлде Қызылорда АЭА-ның Әкiмшiлiк Кеңесiнiң төрағасы болып табылады.
      7. Әкiмшiлiк кеңес отырыстарын оның төрағасы айына кемiнде бiр рет өткiзедi. Әкiмшiлiк кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады және Қызылорда АЭА-ның аумағында орналасқан (тұратын) және жұмыс iстейтiн барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      8. Әкiмшiлiк кеңестiң төрағасы Әкiмшiлiк кеңес атынан сенiмхатсыз-ақ өкiлдiк етедi, мемлекеттiк органдарда, отандық және шетелдiк кәсiпорындарда, фирмалар мен ұйымдарда оның мүддесiн бiлдiредi, Әкiмшiлiк кеңестiң мүлкi мен ақша қаражатына иелiк етедi, шарттар, соның iшiнде еңбек шарттарын жасасады, банктерде есеп айырысу, валюталық және басқа шоттар ашады, сенiмхаттар бередi, өз құзыретi шегiнде шешiмдер мен өкiмдер шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      9. Әкiмшiлiк кеңес пен Қызылорда қаласының өкiлдi органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы заңдарымен реттеледi.
      10. Қызылорда АЭА-ы Әкiмшiлiк кеңесiнiң орналасқан жерi:
      Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысының Қызылорда қаласы.
 
             III. Қызылорда АЭА-ы Әкiмшiлiк кеңесiнiң өкiлеттiктерi
 
      11. Қызылорда АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi:
      АЭА-ты дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      АЭА-ның бюджетiн қалыптастырады, бюджет қаражатын пайдалану бағытын айқындайды;
      отандық және шетелдiк инвестициялар мен кредит қаражаттарын тартуды жүзеге асырады;
      АЭА аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасын реттеуге жәрдемдеседi;
      қажет болған жағдайда АЭА-ның құқықтық режимiн өзгерту жөнiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      Заңдарға сәйкес жердi пайдалану, АЭА аумағында орналасқан үй-жайлар мен ғимараттарды жалдау, сондай-ақ инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен пайдалану мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды;
      заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын және АЭА аумағына келу және АЭА аумағынан кету жөнiндегi рұқсат беру функциясын орындайтын органдардың қызметiне қажеттi жағдайлар жасайды;
      АЭА-тан тыс жерлерде Әкiмшiлiк кеңестiң өкiлдiктерiн ашу туралы шешiм қабылдайды;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
 
                             IV. Қаржы
 
      12. Қызылорда АЭА-ның бюджетiн оның Әкiмшiлiк кеңесi қалыптастырады. Қызылорда АЭА бюджетiнiң кiрiсiне заңды және жеке тұлғалар төлейтiн жалпымемлекеттiк және жергiлiктi салықтар мен алымдар, АЭА аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды және жеке тұлғалар төлейтiн жергiлiктi салықтар мен алымдар есептеледi.
      Қызылорда АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi бюджеттiң теңдестiрiлiп атқарылуы үшiн жауап бередi және түскен кiрiстер шегiнде республикалық бюджет бекiтетiн нормалар бойынша шығыстарды жүзеге асырады.
      Қызылорда АЭА бюджетiнiң облыстық бюджетпен өзара қарым-қатынасы оның 2007 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн АЭА-ның бюджетiне түскен жалпы сомадан аударылатын ұзақ мерзiмдi тұрақты нормативтер арқылы белгiленедi. Облыстық бюджетке аудару нормативтi 1997 жылға - 20%, ал 1998 жылдан бастап - Қызылорда АЭА-ы жұмыс iстейтiн барлық кезеңде 40% мөлшерiнде белгiленедi.
      Жоғары тұрған бюджетке аударымдар ай сайын есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Арнаулы бюджеттен тыс қорларға жасалатын Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген төлемдер АЭА бюджетiн қалыптастыру көзi болып табылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.09.10.
               N 3628 жарлығымен. U973628_
      13. Қызылорда АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесi Қызылорда АЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк даму қорын құрады.
      Қызылорда АЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк даму қоры бос бюджет қаражаты, аударымдар мен салықтық емес сипаттағы алымдар, саудаластық жасаудан, аймақтық лотереялар, заемдар өткiзуден түскен кiрiстер, заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдығы есебiнен құралады.
      Қызылорда АЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк даму қорының қаражаты заңда айқындалған тәртiппен бюджеттен тыс шоттарға жиналды және Қызылорда АЭА-ның даму бағдарламасында көзделген шараларды қаржыландыруға; халық тұтынатын тауарларды өндiру жөнiндегi қуаттарды құру мен кеңейтуге және халыққа қызмет көрсетуге;

 

кадрларды даярлауға және АЭА-ның жұмыс мен дамуы қажет ететiн басқа

мақсаттарға жұмсалады.





(төртiншi абзац)

     Қызылорда АЭА-ның экономикалық және әлеуметтiк даму қорының

қаражатын Қызылорда АЭА-ның Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы басқарады

және иелiк етедi.

     ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгертiлдi, 4-абзац алынып тасталды - ҚР

              Президентiнiң 1997.09.10. N 3628 жарлығымен. 


U973628_




                             V. Кредит жүйесi


     14. Қызылорда АЭА-ның аумағында банк-кредит жүйесiн өз қызметiн

Қызылорда АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жергiлiктi

бөлiмшесi, екiншi деңгейдегi банктер мен олардың бөлiмшелерi құрайды.


                           VI. Салық салу


     15. Қызылорда АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан

Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

     16. АЭА аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге

Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жеңiлдiктi салық

салу режимi қолданылады.


                          VII. Кедендiк реттеу



 
       17. Қызылорда АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының бөлiгi ретiнде қарастырылады, онда еркiн кеден аймағының режимi қолданылады. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қызылорда АЭА-ның аумағындағы тауарларға кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
      18. Шетел және Қазақстан тауарларын Қызылорда АЭА-ына әкелу кезiнде кеден баждары мен салықтар алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1997.09.10.
               N 3628 жарлығымен. U973628_
      19. Толығымен Қызылорда АЭА-ның аумағында өндiрiлген немесе кеден заңдарында белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi түрде қайта өңдеуден өткiзiлген тауарларға оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа шығарған кезде кеден бажы алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды.
      20. Тауарларды Қызылорда АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне шығарған кезде және тауарларды Қызылорда АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарған кезде тауарлардың шығу негiзiне қарай кеден бажы мен салық алынады және экономикалық саясат шаралары қолданылады.
      Тауарларды Қызылорда АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде тауарлардың СТ-1 нысанында шығарылғаны туралы сертификаттары болса, Кеден одағына қатысушы елдердiң тауарларына, сондай-ақ толығымен Қызылорда АЭА-ы аумағында өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi түрде қайта өңдеуден өткiзiлген тауарларға кеден бажы салынбайды.
      21. АЭА-ның аумағына әкелiнетiн және экспорт режимiне сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға арналған тауарларды кедендiк ресiмдеу кеден iсi жөнiндегi нормативтiк актiлердi айқындалған тәртiппен кеден бажы мен салық алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.
      22. АЭА-ның аумағынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға жататын тауарлар Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне қайтарылған кезде немесе белгiленген мерзiм iшiнде iс жүзiнде экспортқа шығарылмаған жағдайда кеден бажы мен салық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн қайта

 

қаржыландырудың ресми проценттiк ставкасы бойынша проценттер

төленедi.

     23. АЭА-ның аумағына тауарлар әкелу және әкету Қызылорда

АЭА-ның әкiмшiлiк-аумақтық шекарасында орналасқан арнаулы кеден

бекеттерi арқылы жүргiзiледi.

     24. Қазақстан Республикасының кеден заңдарында, сондай-ақ осы

Ережеде белгiленген тәртiптiң бұзылғаны үшiн Қазақстан

Республикасының кеден заңдарында көзделген жауапкершiлiк шаралары

қолданылады.


              VIII. Қызылорда АЭА-ның шаруашылық жүргiзушi

                         субъектiлерiн тiркеу


     25. Қызылорда АЭА-ның аумағында құрылатын заңды тұлғаларды

мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктердiң

есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген

тәртiппен жүзеге асырылады.


              IХ. Қызылорда АЭА-ның аумағында шаруашылық

                         қызметтi лицензиялау


     26. Қызылорда АЭА-ның аумағында шаруашылық жүргiзушi

субъектiлер жүзеге асыратын қызметтi лицензиялау Қазақстан

Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.


           Х. Шетел азаматтарының Қызылорда АЭА-да болу тәртiбi


     27. Қызылорда АЭА-ның аумағында шетел азаматтарының және

азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының

келуi, кетуi, транзиттi және болуы үшiн Қазақстан Республикасының

заңдарында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын

халықаралық келiсiмдерде белгiленген тәртiп қолданылады.


                  ХI. Қорытынды ережелер


     28. Қызылорда қаласы үшiн АЭА мәртебесi 2007 жылға дейiнгi

мерзiмге белгiленген.


 
       29. Қызылорда АЭА-ы "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығында көзделген негiздер бойынша таратылады.
      30. Қызылорда АЭА-ы құрылған мерзiмi өткеннен кейiн таратылатын жағдайда оның Әкiмшiлiк Кеңесi Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Президентiне өзiнiң қызметi туралы есебiн, ал тиiмдi деп тапқан жағдайда - қосымша мерзiмге АЭА-ның мәртебесiн ұзарту туралы негiзделген ұсынысын жолдайды.
      31. Қызылорда АЭА-ның қызмет мерзiмi өткеннен кейiн Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне Қызылорда АЭА-ның таратылу процесiнде екенi туралы мәлiметтi енгiзу үшiн Әкiмшiлiк кеңесiн тiркеудi жүргiзген әдiлет органына оның тартылуы туралы жазбаша хабарлайды.
      Сонымен бiр мезгiлде Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы жергiлiктi және орталық баспасөз органдарында Қызылорда АЭА-ның таратылуы жөнiнде, оның кредиторларының шағымдарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы хабарлама жариялайды.
      Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiмiне бұл туралы жазба енгiзiлгеннен кейiн Қызылорда АЭА-ын тарату аяқталған болып саналады. АЭА-ын тарату оның қызмет мерзiмi өткен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей аяқталуға тиiс.
      32. Егер Қазақстан Республикасының Президентi Қызылорда АЭА-ын мерзiмiнен бұрын тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату рәсiмi осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      33. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады