"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат) 16-бабының 1-тармағына және "Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 3550 Жарлығының U973550_ 4-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
I. "Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 3123 U963123_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 375-құжат) бекiтiлген Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1. 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "60979" деген сан "82136" деген санмен ауыстырылсын.
2. 12-тармақтың үшiншi абзацындағы "1998 жылға - 25%, 1999 жылға - 30% және 2000 жылға - 35%" деген сөздер "ал 1998 жылдан бастап - Қызылорда АЭА-ы жұмыс iстейтiн барлық кезеңде 40% мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 13-тармақта:
үшiншi абзацтағы "Қызылорда АЭА-ының экономикалық және әлеуметтiк даму қорының қаражаты" деген сөздерден кейiн "заңда айқындалған тәртiппен бюджеттен тыс шоттарға жиналады және" деген сөздермен ауыстырылсын.
төртiншi абзац алынып тасталсын.
4. 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Шетел және Қазақстан тауарларын Қызылорда АЭА-ына әкелу кезiнде кеден баждары мен салықтар алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды".
II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi