Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 12 қараша N 3216. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998.11.14. N 4152 жарлығымен. ~U984152

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733  

Z952733_

 
Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33-бабының 2-тармағының
3-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары
Мемлекеттiк Басқару Мектебi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп
отыр).
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                        1996 жылғы 12 қарашадағы
                                          N 3216 қаулысымен
                                                 Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
           Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi туралы
                              ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына Z952733_ сәйкес әзiрлендi. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Республиканың нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Ереже Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiнiң мәртебесiн, жоғары әкiмшiлiк кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, мемлекеттiк аппаратқа Қазақстан Республикасының жоғары бiлiктi азаматтарын тарту, мемлекеттiк басқару мен мемлекеттiк қызмет проблемалары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi мiндеттерi мен қызметiн ұйымдастыруды белгiлейдi.

            I бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi (бұдан әрi - ҰЖМБМ):
      Республика Президентi құратын, қайра құратын және тарататын мемлекеттiк мекеме;
      мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервiн қалыптастыру жүйесiндегi жоғары оқу орнынан кейiнгi жоғары оқу мекемесi;
      орталықтағы және жергiлiктi жерлердегi мемлекеттiк өкiмет органдарының басшы қызметкерлерi мен мамандарын оқытудың бас ғылыми-әдiстемелiк орталығы;
      заңды тұлға болып табылады.
      2. ҰЖМБМ-дi қаржыландыру көздерi:
      Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi:
      ынтымақтастық туралы, соның iшiнде шетелдiк әрiптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар бойынша келiп түсетiн қаражат;
      шаруашылық қызметiнен түсетiн кiрiстер және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да кiрiстер болып табылады.
      3. ҰЖМБМ-нiң негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi:
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметтiң басшы қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      мемлекеттiк қызмет жүйесiнде өзектi проблемаларды шешуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру және жүргiзу;
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға, мемлекеттiк қызмет реформасының тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзiрлеуге қатысу;
      мемлекеттiк өкiмет органдарының тапсырыстары бойынша мемлекеттiк кадр саясаты жөнiнде ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету және ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк басқару саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      мемлекеттiк қызмет саласында шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және осы тәрiздес шетелдiк мемлекеттiк ұйымдармен, мекемелермен, оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Республиканың әкiмшiлiк кадрларын даярлауға шетелдiк ғалымдарды, оқытушылар мен мамандарды тарту, бiрлескен ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру.

             II бөлiм. ҰЖМБМ-нiң құқықтары

      4. Алдына қойылған мақсаттары мен мiндеттерiн орындауда ҰЖМБМ-нiң мынадай құқықтары болады:
      өз қызметiнiң барлық түрлерiн дербес жоспарлау;
      шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қоса алғанда, жұмысқа қызметкерлер қабылдаудың конкурстық немесе контрактылық жүйесiн жүзеге асыру;
      өзiндiк ұйымдық құрылымы мен штат кестесiн әзiрлеу; еңбектi ұйымдастыру мен ынталандыру нысандарын айқындау;
      ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын әзiрлеу және осындай зерттеулердi қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерiн пайдалану; мемлекеттiк органдардың тапсырыстары бойынша нысаналы ғылыми зерттемелердi жүзеге асыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби даярлығының деңгейiн талдау, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру жөнiнде сарапшылық бағалаулар мен ұсыныстар енгiзу;
      бiтiрушiлерге мемлекеттiк дипломдар, омырауға тағатын белгiлер, белгiленген үлгiдегi айғақтамалар мен куәлiктер берiп отыру;
      Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен, сондай-ақ ТМД елдерiмен, шетелдiк фирмалармен және азаматтармен келiсiмдер бойынша ақылы негiзде мамандар даярлау iсiн жүргiзу;
      белгiленген тәртiппен ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру жөнiндегi мамандандырылған кеңестер құру, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау үшiн докторантура, аспирантура және iзденушiлiк ұйымдастыру;
      оқытушылар мен қызметкерлердi жоғары оқу орындары мен ғылыми
ұйымдарға, соның iшiнде шетелдiк жоғары оқу орындары мен ғылыми
ұйымдарға тағылымдамаға жiберiп отыру;
     ғылыми форумдар (конференциялар, семинарлар, симпозиумдар,
коллоквиумдар және т.б.) ұйымдастырып отыру;
     ғылыми еңбектер мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, мерзiмдiк
басылымдар шығару, деректердiң ғылыми-техникалық негiздерiн
қалыптастыру;
     ҰЖМБМ алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттердi орындау үшiн
қажеттi ақпаратты белгiленген тәртiппен сұрату және алу;
     шаруашылық қызмет есебiнен түскен қаражатты өз бетiмен жұмсау;
     Қазақстан Республикасының заңдары мен ҰЖМБМ-нiң мiндеттерiне
қайшы келмейтiн шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.

          III бөлiм. ҰЖМБМ-дi басқару және оның
                     қызметкерлерiнiң мәртебесi



      5. Қазақстан Республикасының Президентi ҰЖМБМ-нiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi жүйесiндегi негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн белгiлейдi, ҰЖМБМ-нiң директорын қызметке тағайындайды және атқаратын қызметiнен босатады.
      6. Үкiмет Президент Әкiмшiлiгiмен келiсе отырып ҰЖМБМ-ге тыңдаушыларды кезектi қабылдау жөнiнде жария етедi.
      7. Президент Әкiмшiлiгi Үкiмет Аппаратымен бiрлесiп:
      тыңдаушыларды қабылдау жоспарын белгiлейдi және бiтiрушiлердi таратып бөледi.
      қысқа мерзiмдi бiлiктiлiгiн арттыру курстарына мемлекеттiк қызметшiлердi қабылдау жоспарын белгiлейдi;
      ҰЖМБМ тыңдаушыларының мемлекеттiк органдарда, соның iшiнде шетелдiк мемлекеттiк органдарда тағылымдамадан өтуiн ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      ҰЖМБМ-ге қабылдау ережелерiн және қабылдау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi, қабылдау комиссиясы мен мемлекеттiк аттестациялық комиссияның құрамдарын жасақтайды;
      оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеулердiң жоспарларына сараптаманы жүзеге асырады;
      осы Ережеде белгiленген мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру жөнiнде басқа да шараларды қолданады.
      8. Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы директордың ұсынуы бойынша ҰЖМБМ директорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      9. ҰЖМБМ директоры ҰЖМБМ-ге тiкелей басшылықты жүзеге асырады, оған жүктелген мiндеттердiң орындаулы үшiн жауап бередi:
      ҰЖМБМ қызметкерлерiнiң штат кестесiн, қызметтiк мiндеттерiн бекiтедi;
      директордың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстарды Президент Әкiмшiлiгi Басшысының қарауына енгiзедi;
      қызметкерлердi жұмысқа қабылдауды және босатуды жүзеге асырады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ҰЖМБМ қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары мен мөлшерiн анықтайды;
      Үкiметке тыңдаушыларды кезектi қабылдауды өткiзу туралы ұсыныс енгiзедi;
      мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдарда, ғылыми және басқа мекемелерде ҰЖМБМ атынан өкiлдiк етедi;
      белгiленген тәртiппен ҰЖМБМ мүлкi мен қаражатына иелiк етедi, ҰЖМБМ қаржы қорларын құрады және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлейдi, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi, банктерде шоттар ашады;
      қызметтiк және қаржы құжаттамаларына қол қояды;
      ҰЖМБМ қызметкерлерiн ынталандыру шараларын қолданады және оларға тәртiптiк жазалар белгiлейдi;
      ҰЖМБМ Кеңесiнiң жұмысын және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
      10. ҰЖМБМ Кеңесi Жоғары алқалы орган болып табылады. Оның құрамы, өкiлеттiгi мен қызметiнiң тәртiбi ҰЖМБМ директоры бекiтетiн Ережемен айқындалады.
      11. ҰЖМБМ қызметкерлерiнiң кадрлық құрамы қызметкерлер мен ҰЖМБМ қызметiн техникалық тұрғыдан қамтамасыз етушi адамдардан тұрады.
      Профессор - оқытушылар құрамы ҰЖМБМ-нiң қызметiне контрактылық негiзде немесе сағат бойынша ақы төлеу шартында тартылады.
      12. ҰЖМБМ-нiң оқу-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметiн жүргiзетiн қызметкерлерiне ҰЖМБМ-де жұмыс iстеген уақыты педагогикалық стажға есептеледi.
      13. ҰЖМБМ қызметкерлерiне материалдық-тұрмыстық, медициналық, санаторий-курорттық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

                IV бөлiм. ҰЖМБМ тыңдаушыларының мәртебесi

      14. ҰЖМБМ тыңдаушыларының контингентi қабылдау ережелерiне сәйкес жасақталады.
      15. ҰЖМБМ тыңдаушыларына бұрынғы жұмыс орнындағы жалақысы мөлшерiнде стипендиялар тағайындалады, бiрақ ол жоғары оқу орындарының аспиранттары үшiн тағайындалған стипендиялар мөлшерiнен төмен болмайды.
      ҰЖМБМ-де оқыған уақыты тыңдаушылардың мемлекеттiк қызмет стаждарына есептеледi, оларға және олардың отбасы мүшелерiне бұрынғы жұмыс орындары бойынша көзделген материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету жағдайлары заңдарға сәйкес сақталады.
      Басқа қаладан келген тыңдаушылар мен аспиранттарға оқу мерзiмiне жатақхана берiледi.
      16. ҰЖМБМ тыңдаушыларының:
      оқудағы жетiстiктерi мен ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметке белсене қатысқаны үшiн моральдық ынталандыруға және материалдық сыйақы алуға;
      жоғары оқу орындарының студенттерi мен аспиранттары үшiн тағайындалған жеңiлдiктердi пайдалануға;
      ҰЖМБМ-дi бiтiрушiлердiң ассоциацияларын құруға құқығы бар.
      17. ҰЖМБМ тыңдаушылары қызметтiк құпияны сақтауға мiндеттi.
      18. ҰЖМБМ-нiң iшкi тәртiбi ережелерiн бұзғаны немесе мемлекеттiк қызметшi атағына кiр келтiретiн қылығы үшiн тыңдаушыларға ҰЖМБМ-нен шығарып тастауға дейiн тәртiптiк жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.
      19. ҰЖМБМ тыңдаушылары Президент Әкiмшiлiгi мен Үкiмет Аппаратының кадрлар резервiн құрайды.
      Оқуды бiтiргеннен кейiн тыңдаушыларға оқуға түскенге дейiн атқарған лауазымынан кем түспейтiн қызметке орналастырылуына кепiлдiк берiледi.
      ҰЖМБМ-дi бiтiрушiлер мемлекеттiк қызметте кемiнде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi, бұған ақы төлеу негiзiнде оқыған адамдар қосылмайды, олар жұмысқа өз бетiмен орналасады.
      20. ҰЖМБМ-нiң оқу бағдарламасын ойдағыдай тәмамдаған тыңдаушыларға оған бiтiрушiнiң қорытынды рейтингтiк бағасы туралы қосымшасы бар диплом, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi берiледi.
      21. ҰЖМБМ бiтiрушiсi дипломының мәртебесi мен омырауға тағатын белгiнiң үлгiсiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      22. ҰЖМБМ бiтiрушiсiнiң дипломы бiтiрушiнiң мемлекеттiк қызмет бабында басым жоғарылауы үшiн негiз болып табылады.
      ҰЖМБМ-ге түскенге дейiн мемлекеттiк қызмет стажы болмаған адамдарға диплом, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет лауазымына конкурстан тыс тағайындалу құқығын бередi.
      23. Қысқа мерзiмдi курстарды бiтiрген мемлекеттiк қызметшiлер белгiленген үлгiдегi ҰЖМБМ куәлiгiн алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады