Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 конституциялық заң күші бар Жарлығының 29, 74-баптарына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 3315 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармағында 3, 4, 5, 6 абзацтары мына мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
"Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.";
2) 2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті