"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Мына облыстар таратылсын:
1) Талдықорған облысы;
2) Торғай облысы.
2. Мына облыстардың:
1) таратылып отырған Торғай облысының Державин, Жақсы, Жаңадала, Есiл және Қима аудандарының аумақтары құрамына енгiзiлiп, Ақмола облысының;
2) таратылып отырған Талдықорған облысының аумағы құрамына енгiзiлiп, Алматы облысының;
3) таратылып отырған Торғай облысының Арқалық қаласының, Арқалық, Амантоғай, Амангелдi, Жангелдин және Октябрь аудандарының аумағы құрамына енгiзiлiп, Қостанай облысының шекаралары өзгертiлсiн.
3. Талдықорған және Торғай облыстарының таратылуына байланысты мәселелердi шешу үшiн қосымшаларға сәйкес құрамда комиссиялар құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 22 сәуiрдегi
N 3466 Жарлығына
N 1 қосымша
Талдықорған облысын таратуға байланысты мәселелердi
шешу жөнiндегi комиссияның құрамы
Кәрiбжанов - Қазақстан Республикасы
Жәнiбек Сәлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
комиссия төрағасы
Ақымбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл
Серiк Шаяхметияұлы шаруашылығы министрi
Бәйменов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әлихан Мұхамедияұлы Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары -
Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Бейсенов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Аманжол Мұсайынұлы министрiнiң орынбасары
Жұманбеков Жеңiсбек - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұхамедкәрiмұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
Коломийцев - Қазақстан Республикасы
Владимир Иванович Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Аймақтардың жұмысын үйлестiру
бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Коржова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Наталья Артемовна және халықты әлеуметтiк қорғау
министрi
Мұкашев Жомарт - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жангелдiұлы министрiнiң орынбасары
Шардарбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Аман Смағұлұлы тергеу комитетi төрағасының орынбасары
Шуткин - Қазақстан Республикасының
Степан Иванович Бас прокуроры
Шүкеев - Қазақстан Республикасының Экономика
Өмiрзақ Естайұлы және сауда министрi
Үмбетов - Алматы облысының әкiмi
Серiк Әбiкенұлы
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 22 сәуiрдегi
N 3466 Жарлығына
N 2 қосымша
Торғай облысын таратуға байланысты мәселелердi
шешу жөнiндегi комиссияның құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi
орынбасары - Қазақстан
Республикасының Инвестициялар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы, комиссия төрағасы
Әбдiкәрiмов - Қазақстан Республикасы
Оралбай Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы
Әшiмов Нұрғали - Қазақстан Республикасы Экономика
Садуақасұлы және сауда министрiнiң орынбасары
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы прокурорының бiрiншi орынбасары
Браун - Ақмола облысының әкiмi
Андрей Георгиевич
Қадамбаев - Қостанай облысының әкiмi
Тоқтарбай
Қасымов - Қазақстан Республикасы
Алтай Кәримоллаұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Басшысының орынбасары - Аймақтардың
жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Оразалиев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Молдияр Молыбайұлы тергеу комитетiнiң орынбасары
Оспанов - Қазақстан Республикасы Ауыл
Бақыт Сағындықұлы шаруашылығы министрлiгiнiң жер
ресурстарын басқару жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрi
Төтенов - Қазақстан Республикасы Еңбек
Байкәрiм Вильямұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
министрiнiң орынбасары
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының
Қайырбек Шошанұлы Iшкi iстер министрi
Шоқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ерболат Ыбырайымұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары