Көкшетау облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 2 мамырдағы N 3482.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының

      Z934200_

      9-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Көкшетау облысының Арықбалық, Уәлиханов, Келлер, Көкшетау,

      Ленинград, Рузаев, Чистополь, Чкалов аудандары таратылсын.

      2. Щучинск қаласы аудандық маңызы бар қалалар санатына

      жатқызылсын.

      3. Мына аудандар:

      1) Қызыл ту ауданы Уәлиханов ауданы;

      2) Красноармейск ауданы Тайынша ауданы;

      3) Красноармейск қаласы Тайынша қаласы;

      4) Куйбышев ауданы Целинный ауданы;

      5) Ленин ауданы Ақжар ауданы болып өзгертiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру

      жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады