"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының Z934200_ 9-бабына сәйкес қаулы етемiн: 1. Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалалары аудандық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылсын. 2. Мыналардың әкiмшiлiк орталықтары: 1) Сарысу ауданыныкi - Саудакент ауылынан Жаңатас қаласына; 2) Талас ауданыныкi - Ақкөл селосынан Қаратау қаласына көшiрiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi
Жамбыл облысының Жаңатас, Қаратау қалаларын аудандық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу, Сарысу және Талас аудандарының әкiмшiлiк орталықтарын көшiру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 12 мамыр N 3497
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз