"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Мыналар:
1) Алматы облысы бойынша:
Гвардия, Қапал, Кеген, Күртi, Үйгентас, Шелек аудандары;
2) Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Абыралы, Ақсуат, Большенарым, Мақаншы, Марқакөл, Самар, Таврия, Шар, Шұбартау аудандары;
3) Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды қаласының Киров және Ленин аудандары, Ағадыр, Жездi, Қазыбек би, Молодежный, Тельман, Теңiз, Тоқырауын аудандары;
4) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша:
Возвышен, Преснов аудандары таратылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының Серебрянка және Қарағанды облысының Абай қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.
Әкiмшiлiк жағынан:
Серебрянка қаласы - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының әкiмiне;
Абай қаласы - Қарағанды облысы Мичурин ауданының әкiмiне;
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2003.12.11. N 1247 жарлығымен .3. Мыналардың:
1) Алматы облысы Райымбек ауданының әкiмшiлiк орталығы Нарыңқол селосынан Кеген селосына;
2) Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкiмшiлiк орталығы Катонқарағай селосынан Большенарым селосына;
3) Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкiмшiлiк орталығы Ақжар селосынан Ақсуат селосына;
4) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкiмшiлiк орталығы Никитинка селосынан Молодежный поселкесiне;
5) Қарағанды облысы Мичурин ауданының әкiмшiлiк орталығы Топар поселкесiнен Абай қаласына;
6) Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмшiлiк орталығы Благовещенка селосынан Пресновка селосына ауыстырылсын.
4. Мыналар:
1) Қарағанды облысының Мичурин ауданы Абай ауданы болып;
2) Қарағанды облысының Ульянов ауданы Бұқар жырау ауданы болып аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолданатын болсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Президентi |