"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн: 1. Мыналар: Алексеев ауданы - Ақкөл ауданы; Алексеев қаласы - Ақкөл қаласы; Балкашин ауданы - Сандықтау ауданы; Вишнев ауданы - Аршалы ауданы; Краснознамен ауданы - Егiндiкөл ауданы; Макин ауданы - Бұланды ауданы; Державин ауданы - Жарқайың ауданы болып қайта аталсын. 2. Мыналардың транскрипциясы: Ерментау ауданы - Ерейментау ауданы; Ерментау қаласы - Ерейментау қаласы; Кургальджин ауданы - Қорғалжын ауданы болып өзгертiлсiн. 3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
Ақмола облысындағы жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi қайта атау және олардың транскрипцияларын өзгерту туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 14 қарашадағы N 3759
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз