Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киiм нысаны - мантия үлгiсiн, сипаттамасын және тиесiлiлiк нормасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 11 шiлдедегi N 4009 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық Заң күшi бар N 2694 Жарлығының 59-бабының 3-тармағына және 80-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киiм нысаны - мантияның үлгiсi мен сипаттамасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Тиесiлiлiктiң мынадай нормасы - әрбiр судьяға 3 жыл мерзiмге бiр мантия болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы судьяларын мантиялармен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң    
1998 жылғы 11 шiлдедегi 
N 4009 Жарлығымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының судьяларына арналған
арнаулы киiм нысаны - мантияның сипаттамасы

      Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киiм нысаны түсi белгiленген үлгiдегi (қызыл күрең) жоғары сапалы жiбек матадан тiгiледi.
      Нысан астарлы ұзын мантиядан, бас киiмнен, өңiрлiктен (әйелдер үшiн) тұрады.
      Мантия трапеция пiшiндi, желбегей нысанды. Арқалығы тұтас пiшiлген, етегi еркiн төгiлiп тұрады. Әйелдерге де, ерлерге де арналған киiмнiң сол жақ өңiрi тұтас пiшiлген, ажыратпалы ысырамасы қоса тiгiлген қаусырмасы бар.
      Тiк қима жағасы қызыл күрең түстi арқауы жiбек мақпалдан тiгiлген. Жағаның өңiр мен арқалыққа қалыптасқан тұсындағы жиегi көгiлдiр түстi әдiппен бастырылып, алтын бау тартылған. Өңiрiнiң жиегi қызыл күрең түстi мақпалмен әдiптелген.
      Қима жеңдерi бiр тiгiстi, еркiн нысанды, негiзгi материалдан тiгiстелiп жүргiзiлген әдiбi бар.
      Астарының сол жақ қапталына жапырақша қалта салынған. Жеңнiң тысы, арқалық, өңiр, қаптал, өңiрше, жаға, әдiптер, жиекшелер "дублерин" типтес желiмдi астарлық матамен қосарлана қатталып тiгiлген.
      Арқалығы "коленкор" үлгiсiндегi астармен қатталған. Жеңдi оңтайлы қондыру үшiн және оны қырқылудан қорғау үшiн төменгi тыс қатқыл матамен және синтепонмен қосымша көмкерiлген. Иықтарының астына қатқыл астарлы поролон жүргiзiлген.
      Бас киiм ерлер үшiн де әйелдер үшiн де қызыл күрең жiбек тоқыма мақпалдан тiгiлген. Ер адамдардың бас киiмi жай үлгiде, жоғарғы жағында тарылған, ал әйелдердiң бас киiмiнiң жоғарғы жағы сәл кеңейтiлген пiшiндi болып келедi. Бас киiмнiң қатырмасының сол жақ бөлiгiнде алтын зермен "Өмiр жолы" деген жазба өрнектелген. Табанында солярлық бейне түрiндегi өрме баудың үш үзiгi қатырмаға ұласып, әшекеймен әнтек үйлесiм тапқан. Бас киiм қалыпталған тұрпатта жоғары сапалы жүн арқаулы мақпалдан тiгiледi де, астары жiбектен жасалады.
      Әйелдерге арналған өңiрлiк мақта-матадан жасалған маркизеттен тiгiледi. Өңiрлiк бес бүрме салынған, тiк жағалы болып келедi.
      Киiм мен қолданылған материалдардың, түр-түсiнiң құбылуы, жағаның, әдiптердiң, жиектердiң нысаны, өрнектер мен бейне-нышандар қатаң реттелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады