Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуiрдегі N 3436 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 17 қыркүйек N 4072. Күшін жойды - Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001.03.25. N 575 жарлығымен. ~U010575

      Мемлекеттiк басқару органдарының қайта құрылуына байланысты және Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының
9) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3436 U973436_ Жарлығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-тармақтың 2) тармақшасы "Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiк"

сөздерiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi" сөздерiмен толықтырылсын;
     8-қосымшаға Ескертпелердiң 1-тармағы "мемлекеттiк комитеттердiң" 
сөздерiнен кейiн "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң" сөздерiмен толықтырылсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады