Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 22 қазан N 4126

 

      1998 жылғы Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру ұсыныстарын қарай келіп, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
 
      1. 1998 жылғы Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы мыналарға:
      Павел Александрович АТРУШКЕВИЧКЕ - Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының ректоры, Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары - республикада қоғамды топтастыруға және ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық-саяси қызметі үшін;
 
      Әбдімәлік НЫСАНБАЕВҚА - Философия институтының директоры, Қазақ энциклопедиясының бас редакторы - әлеуметтік-саяси, рухани-адамгершілік және дүниетанымдық тұжырымдамаларды жасауға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ республикада демократия процестерін нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін;
 

 

     Виктор Антонович САДОВНИЧИЙГЕ - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу

мемлекеттік университетінің ректоры (Ресей Федерациясы) - Қазақстан мен

Ресей арасындағы достықты, ынтымақтастық пен ғылыми байланыстарды нығайтуға,

республиканың түрлі салаларына білікті мамандарды даярлауға сіңірген үлкен

еңбегі үшін берілсін.


     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады