Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 293. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуын уақытында қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қосымшада: 
      "Профилактикалық-алдын алу шаралары" деген 2-бөлімдегі реттік нөмірі 2.1-жолдағы 4-бағанда: 
      "Қаржымині" деген сөз алынып тасталсын; 
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі практикалық іс-шаралар" деген 3-бөлімдегі реттік нөмірі 3.2-жолдағы 4-бағанда: 
      "МКМ" деген сөз "Қаржымині, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-бағанда "1999 жылдың II тоқсаны" деген сөздер "2000 жылдың 
I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 3.3-жолдағы 4-бағанда: 
      бірінші абзацта "Қаржымині, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ, МКМ" деген сөздер "МКМ, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ, Қаржымині" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, ІІМ, Сыртқыісмині, Бас прокуратура, ҰҚК, Көліккоммині";
      5-бағанда "1999 жылдың I тоқсаны" деген сөздер "2000 жылдың I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 3.7-жолдағы 2-бағанда:
     үшінші абзац алынып тасталсын;
     4-бағанда:
     екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бас Прокуратура, ҰҚК, МКМ, Қаржымині";
     төртінші абзацта "ҰҚК, МКМ, ІІМ" деген сөздер "МКМ, ҰҚК, ІІМ" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады