Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 1 сәуір N 105

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 1999 жылдың сәуір-маусымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      3. Облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді органдармен бірлесіп Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсін, шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу және шақырылған азаматтарды әскерлерге мерзімді әскери қызмет өткеру үшін жөнелту жөнінде шаралар қолдансын, 1999 жылдың

 

сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу және

белгіленген мерзімді әскери қызмет мерзімін өткерген әскери

қызметшілерді босату үшін қажетті қаражат бөлсін.

     4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Икебаева Ә.Ж.)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады