Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 19 мамыр N 142

      Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін реформалау және "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан

 

Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі Қырымбек

Елеуұлы Көшербаевтың Өкілеттік сертификатын ресімдесін.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Президенті


Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады