Қазақстан Республикасы мен Еуропалық атом энергиясы жөніндегі Қауымдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою туралы қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық атом энергиясы жөніндегі
Қауымдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
туралы Келісімге қол қойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ораз Әлиұлы Жандосовқа
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық атом энергиясы жөніндегі
Қауымдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
туралы Келісімге Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік
берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.
Нарбаев Е.