Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ортақ аграрлық рыногын құру, азық-түлік рыногын қалыптастыру және ортақ аграрлық саясатты талдап жасау мақсатында қаулы етемін:
1. 1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Ортақ аграрлық рыногы туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) мынадай ескертпемен бекітілсін:
"Қазақстан Республикасы Келісімнің 2, 6, 9-баптары мен Ортақ аграрлық рынокты құру және оның жұмыс істеу шарттары туралы ереженің 3.1-тармағының қолданылуын алып тастау құқығын өзінде қалдырады".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Келісімнің қазақша аудармасы жоқ.