"Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталы туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 12 қаңтар N 58. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 ақпанда N 1050 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 152 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 152 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Z970136_ заңы 52-бабының 3-тармағын орындау және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың капитализациялау деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады)
 
                Қаулы етеді:
 
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 14 қаңтарда 665 нөмірмен тіркелген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталы туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 20 қарашадағы N 16 V980665_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "80" деген сан "150" деген санмен ауыстырылсын.
      2. 2000 жылдың 01 шілдесіне дейін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленген ұйымдар осы Қаулының күшіне енгізілу күні жағдайы бойынша өздерінің шығарылған (төленген) капиталдарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 14 қаңтарда 665 нөмірмен тіркелген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталы туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 20 қарашадағы N 16 қаулысын (осы Қаулымен енгізілген өзгерісті ескере отырып) 2-тармағына сәйкес келтіруге міндетті екендіктері белгіленсін.
      3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына жеткізсін.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
      1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін; 3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. Комиссияның Төрағасы Комиссияның мүшелері Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Омарбекова А.Т.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады