2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2000 жылғы 01 ақпан N 41. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1061. Бұйрықтың күші тоқтатылды - ҚР Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаменті директорының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 4-0-9/4 хатымен.

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872  қаулысының  7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың тәртібі туралы ереже бекітілсін. 
      2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2000 қаржылық жылдың ішінде есепті кезең аяқталғанға дейін қолданылады. 

       Министр  

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Қаржы министрлігінің
                                       2000 жылғы 1 ақпан
                                      N 41 бұйрығымен бекітілген

2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген
жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды
(кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың тәртібі туралы 
ЕРЕЖЕ 

1. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ереже "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесіне (бұдан әрі - бағдарламалар (кіші бағдарламалар) сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың тәртібін айқындайды. 
      2. Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ай сайын қаржыландыру осы Ережеде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын (мерзімді және жылдық) жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесіне сәйкес жүргізіледі. 
      3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын 2000 жылға арналған бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру заңдармен анықталған тәртіппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға арналған шарттар (келісім-шарттар) қаржыландырудың бөлінген лимиттерінің сомасына жасалады. Бұл ретте келесі кезеңдегі шарттар (келісім-шарттар) бұрын жасалған шарттар (келісім-шарттар) толығымен атқарылған жағдайда ғана жасалады. 

2. Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды)
қаржыландырудың тәртібі  

      4. Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру 2000 жылдың екінші тоқсанынан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ай сайын ағымдағы айдың 3-күніне дейін ағымдағы айдың 1-күнгі жағдай бойынша республикалық бюджетке түсетін түсімдердің іс жүзіндегі көлемін ("Салықтық түсімдер", "Салыққа жатпайтын түсімдер", "Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер", "Алынған ресми трансферттер (гранттар)" және "Бюджеттен берілген несиелерді өтеу" кірістердің бюджеттік сыныптамасының санаттары бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментіне (бұдан әрі - Бюджет департаменті) береді. 
      6. Бюджет департаменті "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген жылдық сомадан республикалық бюджетке іс жүзіндегі түсетін түсімдердің деңгейіне талдау жасайды және бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыруды мынадай кезеңмен жүзеге асырады: 
      бірінші кезеңде (2000 жылғы 1 сәуірден бастап) 2000 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша іс-жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі түсімдердің бекітілген жылдық сомасының кемінде 20 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру сәуірде, мамырда және маусымда республикалық бюджеттің кірістер мен шығыстар тізілімінде (бұдан әрі - тізілім) осы айларға көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 сәуірдегі жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 20 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру сәуірде жүргізілмейді. 1 мамырдағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың кемінде 20 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тізілімде осы айларға көзделген сомалар шегінде мамырда және маусымда жүзеге асырылады. Егер 1 мамырдағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 20 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру мамырда жүргізілмейді. 1 маусымдағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсімдердің көлемі кемінде 20 процент болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тізілімде осы айға көзделген сомалар шеңберінде маусымда жүзеге асырылады. 1 маусымдағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 20 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру маусымда жүргізілмейді; 
      екінші кезеңде (2000 жылғы 1 шілдеден бастап) 2000 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі түсімдердің бекітілген жылдық сомасының кемінде 45 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру шілдеде, тамызда және қыркүйекте тізілімде осы айларға көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 шілдедегі жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 45 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру шілдеде жүргізілмейді. 1 тамыздағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың кемінде 45 процент болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тізілімде осы айларға көзделген сомалар шегінде тамызда және қыркүйекте жүзеге асырылады. Егер 1 тамыздағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 45 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тамызда жүргізілмейді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзіндегі түсімдердің көлемі жылдық соманың кемінде 45 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тізілімде осы айға көзделген сомалар шеңберінде қыркүйекте жүзеге асырылады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 45 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру қыркүйекте жүргізілмейді. 
      Екінші тоқсанның бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жүргізілмеген жоспарлы тағайындауларының қалдықтарына 2000 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бекітілген жылдық соманың іс жүзіндегі түсетін түсімдердің кемінде 45 проценті көлемінде ғана өспелі қорытындымен үшінші тоқсанда қаржыландыру жүргізілуі мүмкін; 
      үшінші кезеңде (2000 жылғы 1 қазаннан бастап) 2000 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі түсімдердің бекітілген жылдық сомасының кемінде 72 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру қазанда, қарашада және желтоқсанда тізілімде осы айларға көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады. Егер 1 қазандағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 72 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру шілдеде жүргізілмейді. 1 қарашадағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың кемінде 72 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тізілімде осы айларға көзделген сомалар шегінде қарашада және желтоқсанда жүзеге асырылады. Егер 1 қарашадағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 72 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру қарашада жүргізілмейді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсімдердің көлемі жылдық соманың кемінде 72 проценті болған кезде, бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру тізілімде осы айға көзделген сомалар шеңберінде желтоқсанда жүзеге асырылады. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша іс жүзіндегі түсетін түсімдердің көлемі жылдық соманың 72 процентінен кем болса, онда бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру желтоқсанда жүргізілмейді. 
      Екінші және үшінші тоқсан бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жүргізілмеген жоспарлы тағайындауларының қалдықтарына 2000 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бекітілген жылдық соманың іс жүзіндегі түсетін түсімдердің кемінде 72 проценті көлемінде және бекітілген жылдық соманың кемінде 100 проценті көлемінде 2000 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша күтіліп отырған түсімдерде ғана өспелі қорытындымен төртінші тоқсанда қаржыландыру жүргізілуі мүмкін. 
      7. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте түсетін түсімдер бойынша бекітілген жоспар толық көлемде атқарылмаған жағдайда, бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша жоспарлы тағайындаулар қалдығының қаржыландыру сомасы түсімдер бойынша бір жылға арналған жоспарды жете атқармау сомасына азайтылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады