Борышкерлердiң сот орындаушылары тыйым салған мүлiктерін сату жөнiнде аукциондар ұйымдастыру мен өткiзудiң Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2000 жылғы 28 ақпан N 21. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 9 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1079 Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің 09.06.2000 жылғы бұйрығымен.

      Сот орындаушыларының соттар мен басқа да органдардың қаулыларын атқару жөнiндегi жұмысын жетiлдiру мақсатында, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Z980253_ Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн

                              БҰЙЫРАМЫН:

      1. Борышкерлердiң сот орындаушылары тыйым салған мүлiктерiн сату

жөнiнде аукциондар ұйымдастыру мен өткiзудiң ережесi бекiтiлсiн.
     2. Әдiлет министрлiгiнiң Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетi, 
Тiркеу қызметi комитетi және осы Ереже жөнiнде өздерiнiң аумақтық 
бөлiмшелерін хабардар етсiн және орындауға шаралар қабылдасын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағалары Т.Е. 
Дiлмұхамбетовке және Б.Ғ. Рахымбековке жүктелсiн.
     
     Министрдің
     міндетін атқарушы
     
                                                  Қазақстан Республикасы
                                                  Әділет министрінің
                                                  2000 ж. 28 ақпандағы     
                                                  N 21 бұйрығымен
                                                  бекітілген

        Борышкерлердiң сот орындаушылары тыйым салған мүлiктерiн сату
              жөнiнде аукциондар ұйымдастырудың және өткiзудiң
                                ЕРЕЖЕЛЕРI
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      1. Борышкерлердiң тыйым салынған мүлкiн сату бойынша алдын ала белгiленген орында және уақытта сот орындаушысы арнайы ұйымдастырған көпшiлiк сауда борышкерлердiң тыйым салынған мүлкiн сату жөнiндегi аукцион болып ұғынылады.
      2. Борышкерлердiң тыйым салынған мүлкiн аукционға шығару туралы шешiмдi сот орындаушысы (бұдан әрi - сатушы) қабылдайды.
      Сатушы тыйым салынған мүлiктi сатуды қолданылып жүрген заңдарда және осы Ережелерде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
      3. Сатушы аукционды өз бетiмен ұйымдастырады және өткiзедi не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жылжымайтын мүлiк орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен және оның филиалдарымен не "Әдiлет министрлiгiнiң Шаруашылық Басқармасы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен және оның филиалдарымен және өзге де мамандандырылған ұйымдармен (бұдан әрi - ұйымдастырушы) тыйым салынған мүлiктi сату жөнiндегi аукционды ұйымдастыруға және өткiзуге шарт жасасады. <*>
      Ескерту: 3-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрінің

              2000 жылғы 24 мамырдағы N 41 бұйрығымен.  

V001142_

 
     4. Тыйым салынған мүлiк аукциондарын тиiстi ұйымдастыру және өткiзу 
мақсатында сатушыда:
     1) тыйым салынған мүлiктiң бастапқы және ең төменгi бағаларын,
кепiлдi жарнаны белгiлеу;
     2) аукционды өткiзудiң әдiсiн белгiлеу;
     3) ұйымдастырушылармен аукциондарды ұйымдастыруға және өткiзуге 
шарттар жасасу;
     4) сауда-саттықта жеңiп шыққан сатушылармен сатып алу-сату шарттарын 
жасасу;
     5) есеп айырысуды жүзеге асыру функциялары белгiленген.
     5. Тыйым салынған мүлiктi сату жөнiндегi аукционды ұйымдастыруға және 
өткiзуге шарт сатушы мен ұйымдастырушының арасында жазбаша нысанда 
жасалады және онда:
     1) тыйым салынған мүлiктiң тiзбесi;
     2) аукционды өткiзудiң шектеулi мерзiмдерi;
     3) тыйым салынған мүлiктi сату жөнiндегi аукционды өткiзудiң әдiсi;
     4) тыйым салынған мүлiктi жеткiзу мен сақтау тәртiбiн;


      5) аукционды ұйымдастырудың және өткiзудiң барысы туралы

ұйымдастырушыға берiлетiн есеп-қисаптың дүркiндiлiгi;
     6) өзара мiндеттемелер мен мүлiктiк жауапкершiлiктi;
     7) ұйымдастырушымен өзара есеп айырысу тәртiбi қамтылуға тиiс.
     6. Аукционға сатушы немесе ұйымдастырушы, борышкер және оның өкiлi 
қатысуға тиiс. Егер борышкер немесе оның өкiлi тыйым салынған мүлiктi сату 
жөнiндегi аукционды өткiзудiң күнi, уақыты және орны туралы тиiстi түрде 
хабардар бола тұрып оған қатыспаса, сауда-саттықтар олардың қатысуынсыз 
өтедi.
     7. Сатып алушылар ретiнде аукционға қатысуға осы Ережелердiң 
19-тармағымен белгiленген тәртiппен тиiстi тiркеуден өткен жеке және заңды
тұлғалар жiберiледi.
     
                       2. Аукционды өткiзуге дайындық
     
     8. Тыйым салынған мүлiктi сату жөнiндегi аукционды дайындау және 
өткiзу кезiнде мынадай iс-әрекеттер мен тәртiптi сақтау қажет:
     1) аукционға шығарылатын тыйым салынған мүлiктiң тiзбесiн белгiлеу;
     2) сауданың әдiсiн белгiлеу;
     3) тыйым салынған мүлiктiң бастапқы және ең төменгi бағаларын
белгiлеу;
     4) кепiлдi жарнаны енгiзудiң көлемi мен тәртiбiн белгiлеу;
     5) аукционды өткiзудiң күнiн белгiлеу;
     6) алдағы сауда туралы ресми республикалық немесе жергiлiктi баспасөз 
органдарын хабардар ету.


      9. Мүлiктiң бастапқы бағасын сот орындаушысы борышкермен келiсiлген тыйым салу туралы актiде көрсетiлген бағалау құнының негiзiнде белгiлейдi. Қарсылық келiп түскен жағдайда жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар "Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның филиалдарының, "Әдiлет министрлiгiнiң Шаруашылық Басқармасы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның филиалдарының, Сот сараптамасының облыстық

ғылыми-өндiрiстiк лабораториясының мамандары және өзге де мамандар 
бағалайды.
     Бағалау үшiн төлем борышкер қаражаттарының есебiнен жүргiзiледi, ал 
қаражат болмаған жағдайда төлем борышкердiң мүлкiн сатқаннан кейiн 
жүргізіледі.
     10. Валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен бағалы тастардан
жасалған зергерлiк және басқа да бұйымдар, антиквариат, кескiндеме мен
мүсiн туындылары Республиканың Үкiметi белгiлеген ережелерге сәйкес 
сатылады.
     
                Сатушыларды аукционда қатысу шарттары
     
     11. Аукционда қатысу үшiн кепiлдi жарна мүлiктiң бағалау құнының
5% мөлшерiнде белгiленедi.
     12. Қатысушылар кепiлдi жарнаның кез-келген мөлшерiн енгiзуге құқылы.
     13. Кепiлдi жарнаны қатысушының атынан кез-келген жеке немесе заңды 
тұлға енгiзе алады.


      14. Сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан адамның кепiлдi жарнасы сатып алу құнының есебiне жатқызылады.
      Егер мүлiктiң құны кепiлдi жарна сомасынан кем болған жағдайда, олардың арасындағы айырманы үш банктiк күннен кешiктiрмей ұйымдастырушы сауда-саттықта жеңiп шыққан адамға қайтарады. Егер сауда-саттыққа қатысушылар енгiзген кепiлдi жарналардың мөлшерi сауда-саттықта сатып алынған мүлiк мөлшерiнен көп болса, пайдаланылмаған кепiлдi жарналар сауда-саттық өткiзiлген күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрiлмей қатысушылармен қайтарылады.
      15. Кепiлдi жарнаны:
      1) аукционға қатысудан оны өткiзуге дейiн бiр күннен де кем уақыт

қалғанда бас тартылған;
     2) тыйым салынған мүлiктi сатып алу-сату шарты жөнiндегi 
мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
     3) қатысушының оған осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының 
заңдарымен қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайларда 
ұйымдастырушы қайтармайды.
     16. Аукционды өткiзу жөнiндегi хабар аукцион өткiзiлгенге дейiн ең
кемi 10 күн бұрын республикалық ресми немесе жергiлiктi баспасөзде қазақ
және орыс тiлдерiнде жариялануға тиiс.
     17. Сауда-саттықты өткiзу жөнiндегi хабарда:
     1) аукционды өткiзу күнi, орны мен уақыты;
     2) сауда-саттықты өткiзу әдiстерi;
     3) сатуға қойылатын мүлiктiң бастапқы бағалары;
     4) кепiлдi жарнаның мөлшерi мен ұйымдастырушының банктiк шоты;
     5) тапсырыстарды қабылдаудың орны мен мерзiмдерi;
     6) анықтамалар ушiн телефондар мен мекен-жайлар болуға тиiс.
     18. Хабар жарияланған күннен бастап қатысушыларды тiркеу басталады
және аукцион басталғанға дейiн бiр күн қалғанда аяқталады.
     19. Аукционға қатысушыны тiркеу үшiн:
     1) аукционға қатысуға өтiнiш;
     2) төлқұжат немесе оны ауыстыратын өзге құжат;
     3) кепiлдi жарна төленгенiн растайтын төлем құжаты;
     4) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат;
     5) заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң 
көшiрмесiн ұсынады.
     20. Аукционға қатысушылар:
     1) сауда-саттыққа жеке немесе өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
     2) мүлiк жөнiнде қосымша мәлiметтердi тегiн алуға;
     3) сауда-саттықта өткiзiлетiн мүлiктi алдын-ала қарап көруге;
     4) оның құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге;
     5) өзiнiң өтiнiмін аукцион өткiзгенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей
қайтарып алуға құқылы.
     21. Ұйымдастырушылар қатысушылар ушiн мынадай мәлiметтерi бар 
билеттердi дайындайды:
     1) сатып алушы сауда-саттыққа қатысатын нөмiр;
     2) сатып алушы қатысатын тауардың атауы;
     22. Тiркеуден өткен адам аукцион өтетiн күнi аукциондық нөмiрге 
ауыстырылатын қатысушының билетiн алады. Аукциондық нөмiрдi басқа адамның 
сауда-саттық процесiнде пайдалануына тыйым салынады.
     
                         3. Аукционды өткiзу тәртiбi
     
     23. Аукционды сатушы немесе ұйымдастырушы өткiзедi. Аукцион оны      
өткiзудiң Ережесi хабарланғанда басталады.
     24. Сауда-саттық, егер оған ең кемi 2 сатып алушы қатысатын болса,
өткiзiле алады.
     25. Сауда-саттық сатушының немесе ұйымдастырушының сату затын, оның 
қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзу әдiсiн, алғашқы (бастапқы) 
бағаны, баға өзгеру адымын хабарлағанда басталады.
     Сатушы немесе ұйымдастырушы сауда-саттық процесiнде адымды жариялай 
отырып, өзгертуге құқылы. Өзгеру адымы объектiнiң ағымдағы бағасы 5%-тен 
10%-ке дейiнгi шектерде белгiленедi.
     26. Сауда-саттық барысында қатысушылар аукцион нөмiрiн көтередi және 
өзiнiң бағасын айтады.
     27. Мүлiк сауда-саттықта неғұрлым жоғары баға ұсынған адамға сатылды 
деп есептелiнедi.


      28. Сауда-саттықта мүлiкке неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы ұйымдастырушыға билетiн көрсетуге және сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюға тиiс.
      29. Хаттамада сатып алушы туралы мәлiмет, мүлiктiң атауы, бастапқы құны және тауардың сату бағасы көрсетiледi.
      30. Аукцион аяқталғаннан кейiн сатып алушы мен сатушының арасында сатып алу-сату шартына қол қойылады.
      Сатып алушы сатылған мүлiктiң түпкiлiктi сомасын төлегеннен кейiн сатушы оған сатылған мүлiктiң сату-сатып алу шартының бiр данасын бередi.
      Шартта сатып алушы сауда-саттық басталғанның алдында кепiлдi жарнаның төленгенi есепке алынып ол сатып алған мүлiктiң, толық сомасын сауда-саттық аяқталғаннан кейiн банктiк бес күн iшiнде төлеуге міндеттi.
      Сатып алушы белгiленген уақытта түпкiлiктi соманы төлемеген кезде және сатып алушы сауда-саттыққа қатысуға құқығы жоқ фактiсi анықталған жағдайда оған кепiлдi жарна қайтарылмайды және аукционды ұйымдастыру жөнiндегi шығындарды өндiргеннен кейiн сома мемлекет кiрiсiне түседi, ал сатып алу-сату шарты бұзылған деп есептеледi.
      31. Өткiзiлген сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан сауда-саттық жеңiмпазы сауда-саттыққа одан әрi қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы мүлiк бойынша сауда-саттық қалпына келтiрiледi және мүлiк келесi сауда-саттыққа шығарылады. Бұл жөнiндегi шешiмдi ұйымдастырушы қабылдайды.
      32. Сатушы немесе ұйымдастырушы:
      1) егер сауда-саттыққа екiден де кем сатып алушы келген;
      2) егер келгендердiң ешқайсысы мүлiктiң бастапқы бағасына үстеме бағалар қоспаған;
      3) егер сатып алушы бес күннiң iшiнде оларға сатып алынған мүлiк сомасын толық енгiзбеген жағдайларда сауда-саттықты өткiзiлмедi деп жариялайды.
      Егер сауда-саттықтар өткiзiлмесе, кепiлдеме жарнасы, осы Ережелердiң 15-тармақшасымен көзделген жағдайды қоспағанда, оны енгiзген адамға қайтарылады.
      33. Сауда-саттықтар өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда алғашқы аукционнан кейiн өндiрiп алушыға борышкердiң мүлкiн бастапқы баға сомасымен өзiнде қалдыру құқығы берiледi.
      34. Мүлiктi өзiнде қалдыру ұсынысынан өндiрiп алушы бас тартқан жағдайда, сатушы немесе ұйымдастырушы бастапқы бағалау құнынан 20 процентке төмендете отырып және сауда-саттықтар өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн 10 күннен ерте емес мерзiмде қайтадан сауда-саттықтар өткiзедi. Қайталанатын сауда-саттықтар жарияланады және алғашқы сауда-саттықтар ушiн белгiленген ережелер сақтала отырып өткiзiледi.
      35. Қайталанатын сауда-саттықтар өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, сатушы өндiрiп алушыға борышкердiң мүлкiн бастапқы бағалау құны бойынша борышкердiң мүлкін өзiнде қалдыруды қайтадан ұсынады.
      36. Өндiрiп алушы бұл жолы да мүлiктi қабылдаудан бас тартқан жағдайда, сауда-саттықтар төмендетiле отырып үшiншi рет өткiзiледi. Бұл ретте қайталанатын сауда-саттықтар үшiн белгiленген баға жарияланған адыммен қатысушылардың бiрi оны жарияланған баға бойынша сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендетiледi.
      37. Сауда-саттықтар үшiншi рет өткiзiлмедi деп жарияланған және өндiрiп алушы сатылатын мүлiктi бастапқы бағасы бойынша өзiнде қалдырудан бас тартқан жағдайда, бұл мүлiктен тыйым салу алынады және ол борышкерге қайтарылады.
      38. Сатушы өткiзетiн аукциондық сатулардан алым бiр айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде алынады және жергiлiктi бюджетке аударылады.
      39. Сауда-саттықтарды өткiзу жөнiндегi шығындар сатылған мүлiк құнының 10 процентiнен аса алады және борышкерден өндiрiлiп алынады, осыған байланысты борышкердiң мүлкiне тыйым орындау құжаттарының орындалуы жөнiндегi шығыстарды ескерiле отырып салынады.
      40. Сауда-саттықтарды өткiзу жөнiндегi шығындарға: сауда-саттықтарды

өткiзу жөнiндегi шын мәнiсiндегi шығындар, аукциондық сатулардан алым, 
комиссиялық сыйақы, мүлiк құнын бағалау және басқалары жатады.
     41. Борышкердiң тыйым салынған мүлкiн сатудан түскен қаражаттар, 
сауда-саттықтарды өткiзу жөнiндегi шығыстар есептен шығарыла отырып, 
ұйымдастырушымен Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитет Департаментiнiң 
және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң депозиттiк шоттарына оларды өндiрiп 
алушыға беру үшiн аударылады.
     
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады