1995 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің N 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылғы 14 ақпан N 134. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1101. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      55. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2000 жылғы 14 ақпандағы N 134 V001101_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      "Салық салу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990485_ 1999 жылғы 22 қарашадағы, "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990492_ 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңдарының қабылдануымен байланысты
 
                                БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 V950075_ "Жер салығын есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы бұйрығына" мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      осы бұйрығында белгіленген "Жер салығын есептеу мен төлеудің тәртiбi туралы" N 34 Нұсқауда:
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармағымен толықтырылсын:
      "28-1. Көп қабатты тұрғын үйдегi жеке меншіктегi үй-жай иелерiнен жер салығы осы үйдегi тұрғын үй-жайдың жалпы көлемiнiң және осындай иесiне тиесiлi тұрғын үй-жай көлемiнiң 1 шаршы метрiне тең жер салығының мөлшерi ескерілiп, айқындалады.
      Мұның өзiнде:
      Тұрғын үй-жайларының 1 шаршы метр шаршы көлемiне жер салығының мөлшерi жалпы үйдiң тұрғын үй-жайларының жалпы көлемiне жер учаскесiнiң жалпы көлемiнен жер салығы сомасын бөлумен есептеледi;
      жер учаскесiнiң жалпы көлемiне тұрғын үйге бөлiнген учаскелер және жалпы тұрақты жер пайдалану құқығындағы тұрғын үй-жайларының иелерiне тиесілi учаскелер енгiзiледi. Жер учаскесiнiң көлемi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгiнiң аумақтық органы берген тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсінде көрсетiледi.
      Мысал.
      Астана қаласында орналасқан бес қабатты тұрғын үй көлемi 1000 шаршы метр жер учаскесiн алады. Жалпы тұрақты жер пайдалану құқығындағы тұрғын-үй жайлары иелерiне тиесiлi жер учаскесiнiң көлемi 1500 шаршы метр құрайды. Жалпы үй 2500 шаршы метр көлемдегi (1000+1500) жер учаскесiн алады.
      1999 жылы Астана қаласы бойынша тұрғын-үй қорына арналған жерге жер салығының ставкасы 1 шаршы метр үшiн 0,785 теңге (0,5 теңге х 1,57) құрады. Осыдан келiп, тұрғын-үй арналған жерге жер салығының сомасы, яғни 1000 шаршы метр үшiн 785 теңге (1000 шаршы метр х 0,785 теңге) құрайды.
      1999 жылы Астана қаласы үшiн 0,06 га-ға дейiнгi көлем кезiнде үй жанындағы жер учаскесiне жер салығының ставкасы 31,4 теңге (20 теңге х 1,57), ал 0,06 га-дан астам үй жанындағы жер учаскесi көлемiне 942 теңге құрады. 1500 шаршы метр үй жанындағы жер учаскесi көлемi бойынша жер салығының сомасы 8666,4 теңге ((0,06: 0,01 х 31,4) + (0,09:0,01 х 942)) құрайды.
      Жалпы жер салығының сомасын 9451,4 теңге (785 + 8666,4) құрайды. Жалпы үйдiң тұрғын-үй жайларының жалпы көлемi 4000 шаршы метр құрайды, мұның өзiнде 1 шаршы метр үй көлемiне 2,36 теңгедегi (9451,4 теңге: 4000 шаршы метр) жер салығы келедi. Мысалы, егер бiр бөлмелi үйдiң 32 шаршы метр көлемi бар болса, онда оған 75,52 теңгедегi (32 шаршы метр х 2,36 теңге) жер салығының сомасы келедi; жалпы көлемдегi 65 шаршы метр үш бөлмелi үйге 153,40 теңге (65 шаршы метр х 2,36 теңге) келедi.
      Жер салығын есептеу кезiнде осы нұсқаудың 52-тармағына сәйкес салықтың жалпы сомасы тұтас теңгеге дейiн дөңгеленедi, 50 тиыннан аз сома есептен алып тасталады, ал 50 тиын және одан астам сома 1 теңгеге дейiн дөңгеленедi. Жер салығының сомасы сәйкесiнше 76 және 153 теңге құрайды.";
      62-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
      "6-1) "Байқоңыр" кешенiне енгiзiлген жер учаскелерi бойынша "Байқоңыр" кешенi объектілерiнiң мүлкi базасында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны";
      8)-тармақшадағы "Нақты мерзiмдер" деген сөздерден кейiн "және өлшемдер" деген сөздер алып тасталсын,
      64-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ғимараттың бөлшегiн олар жалға беруi кезiнде жер салығы жер салығы мөлшерi ескере отырып есептеледi, ол ғимараттағы үй-жайлардың жалпы көлемi мен ғимараттың жалға берiлетiн көлемiнiң 1 шаршы метрiне тең.
      Мысал.
      Астана қаласындағы кiтапхана (мемлекеттiк мекеме) 150 шаршы метрдегi ғимарат көлемiн жалға бередi. Кiтапхана ғимаратының жалпы көлемi 600 шаршы метр. Кiтапхана ғимаратына және оған қызмет көрсетуге арналған жер учаскесiнiң көлемi 1000 шаршы метр. 1999 жыл үшiн төленуге тиiстi жер салығының мөлшерi мынадай жолмен айқындалады: 1) 1000 шаршы метр көлемдегi жер учаскесi бойынша жер салығының сомасы: 1000 шаршы метр х 10 теңге х 1,57 = 15700 теңге, онда: 10 теңге - оларды ұстап тұру үшiн қажеттi тұрғын үй емес үй-жайлар, ғимараттар, учаскелерге арналған жерге, сондай-ақ осы нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес Астана қаласы бойынша объектiлердiң санитарлық-қорғау зоналарының, техникалық және өзге де зоналарға жер салығының базалық ставкасы; 1,57 - 1999 жылға арналған Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген коэффициент. 2) кiтапхана ғимаратының 1 шаршы метр үшiн жер салығының сомасын айқындаймыз: 15700: 600 = 26,17 теңге 3) кiтапхана көлемiне жалға берілетiн жер салығы сомасын айқындаймыз: 150 шаршы метр х 26,17 теңге = 3925 5 теңге
      Жер салығын есептеу кезiнде осы нұсқаудың 52-тармағына сәйкес салықтың жалпы сомасы тұтас теңгеге дейiн дөңгеленедi, 50 тиыннан аз сома есептен алып тасталады, ал 50 тиын және одан астам сома 1 теңгеге дейiн дөңгеленедi. Жер салығының сомасы осыдан келiп 3926 теңге құрайды.".
      2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Осы бұйрықты орындауға бақылау Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiнiң директоры Д.Қ. Баймұрзинге жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енгiзiледi. Министрдің міндетін атқарушы "Келісілді" Қазақстан Республикасының Қаржы министрдің м.а. 2000 жылғы 1 наурыз Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады