-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
56. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 10 ақпандағы N 49 бұйрығымен бекiтiлген "Әлеуметтiк салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 46 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы N 210 V001103_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Салық салу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актерлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990492_ 1999 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z952235_ 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 10 ақпандағы N 49 бұйрығымен бекiтiлген, "Әлеуметтiк салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" V990717_ N 46 Нұсқауға қоса берiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Әдiстеме департаментi (Н.Д. Yсенова):
аталған өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен келiсiлсiн; осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберілсiн. 3. III тараудың 13 абзацындағы өзгерiстер мен толықтырулар 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Халықаралық салық салу департаментiнің директоры С.С. Қанатовқа жүктелсiн. Министр Келісілді Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің Қаржы министрі 2000 жылғы 15 наурыз N 210 бұйрығымен 2000 жылғы 21 наурыз бекітілді "Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі туралы" N 46 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар 1-бөлiмде:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерiне" деген сөздер "олардың орналасқан жерi бойынша Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстардың бюджеттерiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
II-бөлiмде:
4-тармақта:
1) тармақша "заңды тұлға құрмай кәсiпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалармен және" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) үкiмет аралық келiсiм-шарттар бойынша немесе халықаралық қоғамдық ұйымдар желiсi бойынша төленетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер. Грант - мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, мемлекеттiк, халықаралық және қоғамдық ұйымдар және Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының Yкiметiне, заңды тұлғаларға (оның iшiнде резидент еместерге), олардың филиалдарына, өкiлдiктерiне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiне, сондай-ақ жеке тұлғаларға белгiлi мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн тегiн негiзде ұсынылатын мүлiк болып табылады.".
III-бөлiмде:
6-тармақта:
а) тармақшасының екiншi бөлiмiндегi "21 процент" деген сөз "26 процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы а-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"а-1) еңбекақы төлеу қорынан 25,5 процент ставкасы бойынша мемлекеттiк мекемелермен";
б) тармақшасындағы "мемлекеттiк мекемелермен және" деген сөздер алып тасталсын;
д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) шаруа (фермерлiк) қожалықтарынан басқа заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, сондай-ақ патент негiзiнде заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 60 процент мөлшерiнде, сондай-ақ салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде ұстап қалуға жатқызылмайтын шығыстардан басқа оны алумен байланысты шығыстар минусы үшiн есептiк кiрiстен қосымша 10 процент;";
мынадай мазмұндағы д-1 тармақшасымен толықтырылсын:
"д-1) патент негiзiнде заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 49 процент мөлшерiнде, сондай-ақ патент құнын айқындау кезiнде көрсетiлген салық салынатын айлық кiрiстен қосымша 5 процент;
6б тармағында:
"осы есептi кезеңде" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
"Есептi кезеңдегi еңбекақы қорынан 1,5 проценттен асатын жүктiлiгi мен босануы бойынша, уақытша еңбекке қабiлетсiздiгi бойынша жәрдемақылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген сома келесi есептi кезеңге көшiрiледi және осы тармақпен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдармен есептелген соманы азайтады;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтiк салық бойынша декларация аумақтық салық органдарына ұсынылады:
- осы Нұсқауға 3-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (патент негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыратындардан басқа), осы Нұсқауға 2-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша заңды тұлғалар есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын;
- осы Нұсқауға 3А қосымшасында көрсетiлген нысан бойынша шаруа (фермер) қожалықтары бiртұтас жер салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн көзделген мерзiмдерде.
Осы тармақта көрсетiлген талап құны әлеуметтiк салықты енгiзетiн патент негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыратын тұлғаларға таралмайды.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi өзiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына декларацияны ұсына және салықты дербес төлеудi жүргiзе алады.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Бiртұтас жер салығын төлеушiлер бiртұтас жер салығын төлеу үшiн белгiленген мерзiмдегi есептi кезеңнің әрбiр айы үшiн әлеуметтiк салықты төлеудi жүргiзедi.";
IV-бөлімде:
13-16 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өз уақытында төленбеген әлеуметтiк салық сомасы мерзiмi өткен берешектің (төлем күнiн қоса) әрбiр күнi үшiн осы сомаларды төлеу күнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмдi қоса есептеумен бюджетке өндiрiп алынады.
14. Осы тармақтың екiншi бөлшегiнде көзделген жағдайдан басқа салық заңдарымен белгiленген мерзiмде әлеуметтiк салық бойынша салық төлеушiнің декларацияны ұсынбауы декларация негiзiнде төленуге тиiс, бiрақ төленбеген салық сомасынан он процент мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға алып келедi.
Салық заңдарымен белгiленген мерзiмнің аяқталуы бойынша 180 күннен астам мерзiмде әлеуметтiк салық бойынша салық төлеушiнiң декларацияны ұсынбауы декларация негiзiнде төленуге тиiс, бiрақ төленбеген салық сомасынан елу процент мөлшерiнде айыппұлды өндiрiп алуға алып келедi.
Салық төлеушi салық органы тексерiсiне дейiн бұрын ұсынылған декларацияға түзетулер енгiзуге және осы туралы салық органын хабардар етуге дербес құқығы бар.
Салық төлеушi бюджетке қосымша төленуге тиiс салық сомалары бойынша онда нақтылау жүргiзiлген сол есептi кезеңде қосымша декларацияны тiркеу орны бойынша салық органына ұсынады. Мұның өзiнде, декларацияларда тиiстi мерзiмдер бойынша бұрын ұсынылған декларациямен салыстыру бойынша анықталған айырым сомасы ғана көрсетiледi. Бұл жағдайда одан салықтың тиiстi сомалары бюджет кiрiсiне енгізу сәтiне дейiн тәртiп бұзуды жiберу сәтiнен бастан айыппұл санкцияларын қолданусыз белгiленген мөлшерде өсiмдер өндiрiп алынады.
15. Салық төлеушi салық салу объектiлерiнiң есебi ережесiн бұзуы, егер осы терiс әрекеттер бiр есептi кезең мерзiмiнде жасалған болса, онда он айлық есептiк көрсеткiштер мөлшерiнде айыппұлды өндiрiп алуға алып келедi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлшегiнде көзделген терiс әрекеттер, егер олар бiр есептi кезеңнен астам мерзiмде жасалса, онда жиырма бес айлық есептiк көрсеткiштер мөлшерiнде айыппұлды өндiрiп алуға алып келедi.
Осы тармақтың мақсаты үшiн салық салу объектiлерiнің есебi ережесiн бұзу деп алғашқы құжаттардың, бухгалтерлiк есептi тiркеудiң, бухгалтерлiк есептегi жүйелi уақтылы емес немесе дұрыс көрiнуi және салық төлеушiнiң қаржылық есеп беру қаражаттары мен мiндеттемелерi түсiнiледi.
16. Салық кезеңi жиынтығы бойынша салық салатын базаны кемiту немесе салықты дұрыс есептемеу нәтижесiнде соманы төлемеу немесе толық төлемеу салықтың төленбеген сомасынан 50 процент мөлшерiнде айыппұлды өндiрiп алуға алып келедi.".
Мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2 тармақтарымен толықтырылсын:
"16-1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын салық төлеушi пайдаланатын аумаққа немесе ғимаратқа (тұрғын-үй жайларынан басқа) салық заңдарымен сәйкес тексерiс жүргiзетiн салық органының лауазымды тұлғасына кiруге салық төлеушiнiң заңсыз кедергi келтiруi жиырма бес айлық есептiк көрсеткiштерде айыппұл өндiрiп алуға алып келедi.
16-2. Салық төлеушiлердің салық заңдарымен белгiленген құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) ұсынудан бас тартуы жиырма бес айлық есептiк көрсеткiштерде айыппұл өндiрiп алуға алып келедi.".
"Заңды тұлғалардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi үшiн әлеуметтiк салықты төлеу тәртiбi " 1-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: ____________________
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер деп олардың заңды тұлға құқығын алмай әдiлет органдарында есептiк тiркеуде тұратын құрылымдық бөлiмшелердi, сондай-ақ жеке балансы мен банк шоттары бар құрылымдық бөлiмшелердi түсiну қажет.
"1. Заңның 104-8 бабына сәйкес заңды тұлғалар өз филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық бөлiмшелер) үшiн олардың орналасқан жерi бойынша Астана, Алматы қалаларының, облыстардың тиiстi бюджеттерiне әлеуметтiк салықты төлеудi жүзеге асырады.
Әлеуметтiк салық сомасын төлеу тiкелей өз банк шотынан әлеуметтiк салық сомасы есебiнің мәлiметтерi негiзiнде заңды тұлғаның бас ұйымы жүргiзедi немесе өз құрылымдық бөлiмшелерiне жүктеледi.
Осы ереже құрылымдық бөлiмшелерге таралмайды, Заңның 104-10 бабына сәйкес заңды тұлғаның шешiмi бойынша салық төлеудi жеке жүргiзедi және өзiнің орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органдарына әлеуметтiк салық бойынша декларацияны ұсынуды жүзеге асырады.
Бiр облысқа, Астана, Алматы қаласына жататын аумақтық салық комитеттерiнде есепте бар құрылымдық бөлiмшелер үшiн әлеуметтiк салық облыс, Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне, аталған құрылымдық бөлiмшелерге келетiн жалпы сома төленедi. Бұл үшiн, басты ұйымға әлеуметтiк салықтар бойынша есеп айырысуды жүргiзу үшiн тиiстi Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнде, облыстық салық комитеттерiнде жеке шоттарды ашу қажет.
Құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы төлем минусы үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбекақы төлеу қорынан есептi кезеңде құрылымдық бөлiмшелердiң сомасы ретiнде айқындалатын, көрсеткiштің үлес салмағын ескере отыра есептеледi, оларға Заңның 104-7 бабына және шетел мамандары мен шетел жұмысшыларының еңбекақы төлеу қоры әлеуметтiк салыққа сәйкес есептелмейдi.
Заңды тұлға өз құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төлеуге тиiс салық сомасы осы Нұсқауға 1А қосымшасында белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаның бас ұйымы жүргiзетiн құрылымдық бөлiмшелер бөлшегiнде әлеуметтiк салық сомасы есебiнiң негiзiнде айқындалады.
Құрылымдық бөлiмшелер бөлшегiндегi әлеуметтiк салық сомасының есебi әлеуметтiк салық бойынша декларациямен бiрге бiр уақытта заңды тұлғаның бас ұйымын тiркеу орны бойынша салық органына ұсынылады. Мұның өзiнде, бас ұйымды тiркеу орны бойынша салық органы басшысының мөрiмен және қолымен куәландырылған есеп көшiрмесi декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмдерде Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне, облыстық салық комитеттерiне ұсынуға жатады. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бөлшегінде әлеуметтік салық сомасы есебінің мысалы А заңды тұлғасының құрылымы әртүрлi салық комитеттерiнiң есебiнде тұратын бас ұйым басқармасы мен алты филиалдардан тұрады. Жалпы құрылым бойынша 1999 жылдың желтоқсаны үшiн есептелген еңбекақы төлеудің жалпы қоры 4000,0 мың теңге құрады. А заңды тұлғасының 1999 жылдың желтоқсаны үшiн төлеуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы 1040, 0 мың теңге құрады. Өз құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасын айқындау үшiн А заңды тұлғасының бас ұйымы мынадай есептi жүргiзедi: -------------------------------------------------------------------------- Заңды тұлғаның !Салық төлеу !Салық комитетінің!Қазақстан Рес.!Шетел маман. басұйымның және !жүргізілетін!атауы және мекен-!публикасы аза.!дары мен ше. құрылымдық !бюджет !жайы !маттарының, !тел жұмыс. бөлімшелерінің ! ! !сондай-ақ ше. !шыларының атауы және ! ! !тел азаматтары!еңбекақы мекен-жайы ! ! !мен азаматтығы!төлеу қоры, ! ! !жоқ тұлғалар. !мың теңге ! ! !дың салық са. ! ! ! !лынатын еңбе. ! ! ! !кақы төлеу қо.! ! ! !ры, мың теңге ! -------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 -------------------------------------------------------------------------- Бас ұйым, Астана Астана Астана қаласы 420,0 380,0 қаласының Алматы қаласы бойынша салық ауданы комитеті --------------------------------------------------------------------------- Астана қаласының Астана Астана қаласы 400,0 340,0 Сарыарқа ауданы қаласы бойынша салық N 1 филиал комитеті --------------------------------------------------------------------------- Астана қаласы 820,0 720,0 бойынша жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Алматы қаласының Алматы 375,0 335,0 Жетісу ауданы, қаласы N 2 филиал --------------------------------------------------------------------------- Алматы қаласының Алматы 240,0 380,0 Алматы ауданы, қаласы N 3 филиал --------------------------------------------------------------------------- Алматы қаласы 615,0 715,0 бойынша жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Ақмола облысының Ақмола 245,0 305,0 Атбасар ауданы, облысы N 4 филиал --------------------------------------------------------------------------- Ақмола облысы 245,0 305,0 бойынша жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Қостанай облысының Қостанай 145,0 155,0 Амангелді ауданы, облысы N 5 филиал --------------------------------------------------------------------------- Қостанай облысы 145,0 155,0 бойынша жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Жамбыл облысының Жамбыл 130,0 150,0 Қордай ауданы, облысы N 6 филиал --------------------------------------------------------------------------- Жамбыл облысы 130,0 150,0 бойынша жиынтығы --------------------------------------------------------------------------- Жиынтық 2000,0 2000,0 --------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: --------------------------------------------------------------------------- Жиынтығы ЕТҚ (4 баған+5 баған)!Еңбекақы төлеу қорының!Құрылымдық бөлім. !үлес салмағы, % !шелер үшін төленуге ! !тиіс салық сомасы, ! !мың теңге --------------------------------------------------------------------------- 6 ! 7 ! 8 --------------------------------------------------------------------------- 800,0 20,0 208,0 740,0 18,5 192,4 1540,0 38,5% 400,4 710,0 17,75 184,6 620,0 15,5 161,2 1330,0 33,25% 345,8 550,0 13,75 143,0 550,0 13,75% 143,0 300,0 7,5 78,0 300,0 7,5% 78,0 280,0 7,0 72,8 280,0 7,0% 72,8 4000,0 100% 1040,0 --------------------------------------------------------------------------- Нұсқауға N 1А қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын: ҚР МКМ N 46 Нұсқауына N 1А қосымша Заңды тұлға атауы_________________ СТТН_______________________________ Мекен-жай, телефон________________ Аудан_________Қала, облысы_________ Банк______________________________ Банк шоттары______________________ Салық органының атауы_____________ Салық органының мекен-жайы_________ Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелер бөлшегіндегі әлеуметтік салық сомасының есебі --------------------------------------------------------------------------- N!Заңды тұлғаның бас!Салық !Тиісті !Қазақстан Рес. !Салық есеп.!ҚР азамат. !ұйымның және құры.!төлеу !салық !публикасы аза. !телмейтін !тарының, !лымдық бөлімшеле. !жүргі.!орган. !маттарының, !төлемдер !сондай-ақ !рінің атауы және !зіле. !дар-ың !сондай-ақ шетел!(Заңның !шетел аза. !мекен-жайы !тін !атауы !азаматтары мен !104-7 бабы.!маттары мен !бюджет!және !азаматтығы жоқ !ның 3-тар- !азаматтағы !мекен- !тұлғалардың са.!мағы) !жоқ тұлға. !жайы !лық салынатын ! !лардың са. !еңбекақы төлеу ! !лық салына. !қоры, мың теңге! !тын еңбек. !ақы төлеу !қоры (Д ба. ! ! ! ! ! !ғаны - Е ! ! ! ! ! !бағаны) --------------------------------------------------------------------------- А! Б ! В ! Г ! Д ! Е ! Ж --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- Заңды тұлға бойынша барлығы --------------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: --------------------------------------------------------------------------- Шетел мамандары !Барлығы ЕТҚ (Ж бағаны -!%-гі жалпы сомадағы!Төленуге тиіс мен шетел жұмыс.!З бағаны) !И бағанында айқын-!салық сомасы керлерінің ең. ! !далған ЕТҚ-ның үлес!(К бағанасы бекақы төлеу қо.! !салмағы !х салықтың ры ! ! !жалпы сомасы) --------------------------------------------------------------------------- З ! И ! К ! Л --------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------- 100,0 --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің Заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы есепте келтірілген мәліметтердің шындығы мен толықтығы үшін Заң алдында жауап береміз Басшы_____________________ ______________ Бөлім бастығы ____________ (аты-жөні) (қолы) (күні, қолы) Бас бухгалтер_____________ ______________ (аты-жөні) (қолы) Күні _____________________ М.О. N-46 Нұсқауға N-2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын: "ҚР МКМ-нің N 46 Нұсқауына N 2 қосымша 2000 жылдың___тоқсаны_______________үшін әлеуметтік салық бойынша Декларация Салық төлеушінің атауы____________ СТТН_______________________ Мекен-жайы, телефоны______________ Ауданы_______, қаласы, облысы_______ Банк___________, банк шоты________ Қызметкерлер саны__адам, соның шетел жұмысшылары___адам, АЕК____тг. ішінде шетел мамандары__адам мың теңге --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш !Есепті ! Есепті ! Есепті!Тоқсан ! !тоқсан.!тоқсан. !тоқсан.!үшін ! !ның 1 !ның 2 !ның 3 !барлығы ! !айы !айы !айы ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 --------------------------------------------------------------------------- 1 ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азамат. тығы жоқ тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу қоры 2 Әлеуметтік салық есептелмейтін төлемдер (104-7 б 3-т) 3 ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азамат. тығы жоқ тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу. дің салық салынатын қоры (1 жол - 2 жол) 4 Салық ставкасы, % 5 ҚР азаматтары, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азамат. тығы жоқ тұлғалар үшін әлеуметтік салық сомасы (3 жол х 4 жол) 6* Шетел мамандары мен шетел қызметкерлері үшін төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы 7**ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азамат. тығы жоқ тұлғалардың салық салынатын ЕАТҚ-нан 1,5 процент (1 жол х 1,5 %) 8 Есепті айдың басында МӘСҚ-қа есептеліп бөлінген сомадан МӘСҚ-тан төленіп келген есептелген жәрдемақылар сомаларынан артығы (Декларацияның өткен ай үшін 10 жолынан ауыстырылған) 9 N 46 Нұсқаудың 6а-тармағына сәйкес есепті айда салық төлеу есебіне есептелетін МӘСҚ-қа есептеліп бөлінген сомадан МӘСҚ-тан төленіп келген есептелген жәрдемақылар сомаларынан артығы (7 немесе 8-жолдардың ең аз көлемі көрсетіледі) 10 Келесі есепті кезеңге ауыстырылатын МӘСҚ-қа есептеліп бөлінген сомадан МӘСҚ-тан төленіп келген есептелген жәрдемақылар сомаларынан артығы (8 жол - 9-жол) 11*** Уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша есепті кезеңде есептелген жәрдемақылар 12 Бұрынғы есепті кезеңнен көшірілетін (бұрынғы ай үшін декларацияның 15-жолынан көшіріледі) жүктілігі мен босануы бойынша, уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы 13 Бұрынғы есепті кезеңнен көшірілетін жәрдемақылар және жүктілігі мен босануы бойынша, уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылардың есепті кезеңде есептелген сомасы (11 жол+12 жол) 14 N 46 Нұсқаудың 6б-тармағына сәйкес салықты азайтуға жатқызылатын жәрдемақылар көлемі (7 және 13-жолдардың ең аз көлемі көрсетіледі) 15 Келесі есепті кезеңге көшірілетін, есепті кезеңнің еңбекақы төлеу қорынан 1,5 проценттен асатын жәрдемақылар шегі (13 жол - 14 жол) 16 Төленетін барлық әлеуметтік салық (5 жол + 6 жол - 9 жол - 14 жол) 17 Есепті кезеңде төленген әлеуметтік салық 18 Төлемдік тапсырыс N және аудару күні: - проценттегі ставка бойынша Еңбек қызметіне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және уақытша келетін азаматтығы жоқ тұлғалар 19 Төленуге тиіс сома --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы декларацияда келтірілген мәліметтердің нақтылығы мен толықтығы үшін заң алдында жауап Салық органы береміз бөлімінің бастығы Басшы _______________ ________________ __________________ (аты-жөні) (қолы) (қолы, күні) Бас бухгалтер __________ ________________ (аты-жөні) (қолы) Күні ____________________ М.О." ______________________________________________ * Декларацияның 6 жолы еңбек қызметіне рұқсат бойынша ҚР уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбегін пайдаланған кезде толтырылады. ** Декларацияның 7, 8, 9, 10 жолдары егер МӘСҚ-қа аударымдардың есептелген сомасынан МӘСҚ-тан төленген есептелген жәрдемақылар сомасынан асқан кезде толтырылады. *** Декларацияның 11, 12, 13, 14, 15 жолдарын мемлекеттік мекемелер толтырады.". Нұсқауға N 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын: "ҚР МКМ-нің N 46 Нұсқауына N 3 қосымша 2000 жылдың___тоқсаны_______________үшін әлеуметтік салық бойынша Декларация Салық төлеушінің атауы____________ СТТН_______________________ Мекен-жайы, телефоны______________ Ауданы_______, қаласы, облысы_______ Банк___________, банк шоты________ Қызметкерлер саны__адам, соның шетел жұмысшылары___адам, АЕК____тг. ішінде шетел мамандары__адам мың теңге --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш !Есепті ! Есепті ! Есепті!Тоқсан ! !тоқсан.!тоқсан. !тоқсан.!үшін ! !ның 1 !ның 2 !ның 3 !барлығы ! !айы !айы !айы ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 --------------------------------------------------------------------------- 1 ҚР азаматтары, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азамат. тығы жоқ тұлғалар-қызметкерлер үшін (жұмыс берушіден басқа) төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы 2 Шетел мамандары мен шетел қызметкерлері үшін төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы 3 Есепті кезеңдегі салық салынатын айлық кіріс 4 Салық ставкасы (5%) 5 Салық салынатын кірістен салық сомасы (3 жол х 4 жол) 6 Төленетін әлеуметтік салық сомасы (1 жол + 2 жол + 5 жол) 7 Есепті кезеңде төленген салық сомасы 8 Төлемдік тапсырыс N және аудару күні: - проценттегі ставка бойынша Еңбек қызметіне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және уақытша келетін азаматтығы жоқ тұлғалар 9 Төленуге тиіс сома --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Салық органы Біз осы Декларацияда келтірілген мәліметтердің нақтылығы мен толықтығы үшін заң алдында жауап Салық органы береміз бөлімінің бастығы Басшы _______________ ________________ __________________ (аты-жөні) (қолы) (қолы, күні) Бас бухгалтер __________ ________________ (аты-жөні) (қолы) Күні ____________________ МО" Мынадай редакциядағы N 3А-қосымшасымен толықтырылсын: "N 3А қосымша Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған әлеуметтік салық бойынша 200__жылғы________үшін Декларация Салық төлеушінің атауы____________________________________________________ СТТН_________________, мекен-жайы, телефоны_______________________________ Ауданы_______________________ облысы_________________________ Банк атауы___________________ банк шоттары___________________ --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш !Салық төлеу. ! !ші мәлімет. ! !тері бойынша --------------------------------------------------------------------------- 1 ҚР азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар-басшы, шаруашылық мүшелері, жұмысшылардың жұмыс айларының жалпы саны 2 Айлық есеп көрсеткіші 3 Осы топ бойынша салық ставкасы (АЕК-нен) 35% 4 Осы топ бойынша бір ай үшін бюджетке төлеуге тиісті әлеуметтік салық сомасы, мың теңге (2 бет х 3 бет) 5 ҚР азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар-басшы, шаруашылық мүшелері, жұмысшылары үшін әлеуметтік салық сомасының жиынтығы, мың теңге (1 бет х 4 бет) 6 Шетел мамандары мен шетел жұмысшылар үшін төлеуге тиісті әлеуметтік салық сомасы, мың теңге* 7 Есептелуге әлеуметтік салық сомасы, мың теңге (5 бет + 6 бет) 8 Есепті кезең үшін салық төленді, мың теңге 9 - процент ставка бойынша - еңбек қызметіне рұқсат бойынша шетел азаматтары және Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адамдардың төлемдік тапсырма N және аударым күні 10 Қайталап төлеуге тиісті салық, мың теңге (7 бет - 8 бет) --------------------------------------------------------------------------- * Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасында уақытша болған азаматтығы жоқ адамдардың шаруашылық пайдалану кезінде 6-жол толтырылады. Төлеу мерзімі: 1 қазан __________________ 1 науырыз__________________ Заң алдындағы салық төлеушінің жауапкершілігі Біз осы Декларацияда келтірілген мәліметтердің растығы мен толықтығы үшін Заң алдында жауап береміз М.О. ________________________________ _____________ Күні___________ (Шаруашылық басшысының аты-жөні) (қолы) Салық органы __________________________________________________ ________________ (декларация қабылдаған тұлғаның аты-жөні, лауазымы) (қолы) Күні_____________________" Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 1999 жылғы 10 ақпандағы N 49 бұйрығымен бекiтiлген "Әлеуметтiк салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 46 Нұсқауға өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы
Күшін жойғанБұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 2000 жылғы 15 наурыз N 210 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 5 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1103. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз