2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 6 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 31 наурыз N 153. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1109. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

  -----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 153 (тіркелген N 1109) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 6 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 310 "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаржы бөлу туралы", 2000 жылғы 28 наурыздағы N 451 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы қаулыларына сәйкес бұйырамын: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына: 
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: 
      "1.1.694.38 Ресми делегацияларға қызмет көрсету" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "1.1.694.40 Мемлекеттік наградаларды және олардың құжаттарын әзірлеу"; 
      "2.1.208.76.39 Әскери бөлімдер үшін тұрғын-үй коммуналдық қызметтер" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2.1.208.76.39 Аудандық пайдалану бөлімдері"; 
      "3.5.410.37.80 Сыртқы қарыздар есебінен жобаны жүзеге асыру" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "3.5.410.37.81 Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жобаны жүзеге асыру"; 
      "4.9.263.51 Дамуында проблемасы бар балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу" деген жолда "51" саны 52" санына өзгертілсін;
      "10.2.105.35 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" деген жолдан кейін кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "10.2.116 Жамбыл облысының әкімі
      10.2.116.30 Шу ауданындағы Тасөткел су көтеру плотинасын бекіту";
      "11.9 Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және жер қойнауын пайдалану салаларындағы басқа да қызметтер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "11.9.216 Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі
      11.9.216.30 Жұмылдыру әзірлігі".
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады