Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3337. Күші жойылды - Қазастан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 94 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.02 N 94 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 103-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 469 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді
қабылдауына рұқсаттар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар берудің тәртібін анықтайды.

2. Рұқсаттар беру тәртібі

     2. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер солардың шегінде міндеттемелер қабылдайды.

     3. Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.

     4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері) Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (ҚБАЖ) бекітілген міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларының міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін тексергеннен кейін рұқсаттар беру басталады.

     5. Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанын қоса алғанда қолданылады.

     6. Бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттары, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарлары болған кезде:
     бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
     бюджетті атқару жөніндегі Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
     бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттар береді.
     Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 бұйрығымен .

     7. Рұқсаттар міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары мен міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларында көзделген мемлекеттік мекемелердің міндеттемелердің сомасына айына бір рет:
     ағымдағы айдың (ағымдағы қаржы жылының бірінші айын, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда) 3-і күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
     бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рұқсаттарды бергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелері;
     ағымдағы айдың (ағымдағы қаржы жылының бірінші айын, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда) 5-і күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар береді.
     Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 , 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 133 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     8. Бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін ескере отырып, рұқсаттар беріледі.

     9. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары мен міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді белгіленген тәртіппен енгізген және ҚБАЖ-да міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларының міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігі тексерілген жағдайларда, осы Ереженің 8-тармағында белгіленген мерзімде рұқсаттар беруі мүмкін.

     10. Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар беретін рұқсаттар бір данада қалыптастырады, ол бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда қалады. ҚБАЖ-ды қалыптастырылған міндеттемелерді қабылдауға рұқсат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне электрондық түрде беріледі.
     Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 бұйрығымен .

      11. Осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орналасқан жерінде Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері беретін рұқсаттар бір данада қалыптастырылады, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаментінде қалады. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ҚБАЖ-ды қалыптасқан рұқсаттар электрондық түрде беріледі.
      Облыстар, аудандар бойынша Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері ҚБАЖ-ды қалыптастырылған рұқсаттарды екі данада басып шығарады, оның біреуі Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде қалады, екінші данасы облыстық, ауданның аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерге беріледі.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 бұйрығымен .

      12. Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар беретін рұқсаттар екі данада, біреуі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда қалады, екінші данасы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.
      Осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган беретін рұқсаттар төрт данада ресімделеді, оның біреуі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда қалады, екінші данасы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсаттар тізілімімен бірге Қазынашылықтық аумақтық бөлімшесіне беріледі, үшінші дана мемлекеттік мекемеге беріледі, ал төртінші дана жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне беріледі.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 , 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 , 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 133 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     13. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы тиісті мемлекеттік мекемелерге, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орналасқан орны бойынша Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есепке жатқызылған рұқсаттардың сомасы туралы ақпарат ҚБАЖ арқылы мемлекеттік мекемелердің орналасқан орны бойынша Қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшесіне беріледі.

     14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орналасқан орны бойынша Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган рұқсаттар алған кезде:
     міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржыландырудың жеке жоспарларымен берілген рұқсаттарды салыстыру жолымен республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының жұмсалуына алдын-ала бақылауды жүзеге асырады;
     мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілген жағдайда, әрбір есепті айдың 1-і және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сұрауы бойынша оларға әрбір мемлекеттік мекеме бойынша бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша шотқа қамау салу туралы белгісі бар "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны бойынша бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы деректерді береді.

     15. <*>
     Ескерту: 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 133 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

     16. Рұқсатты міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары мен мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістер негізінде басқа рұқсаттар беру жолымен өзгертуге болады.

     17. Бұрын берілген рұқсаттарды түзетуші рұқсаттар беру бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

     18. Мемлекеттік мекемелерге бұрын берілген рұқсаттарды түзетуші рұқсаттар беруді өзгерістер енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қалыптастырған және бекіткен міндеттемелері бойынша мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негізінде Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

     19. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары өзгерген жағдайда, түзетуші рұқсаттарды берумен қатар касса шығыстарын көшіруді талап етеді, түзетуші рұқсаттарды берумен қатар:
     бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік мекемелердің жоспарлы мақсаттарын, берілген рұқсаттары мен касса шығыстарын құқықтық мирасқорларына көшіру туралы жазбаша нұсқау береді.
     Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджетті атқару жөніндегі Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне хаты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тиісті хаты негізінде дайындалады және касса шығыстарын көшіруді жүзеге асыру туралы нұсқаудан басқа, касса шығыстары көшірілетін бюджет шығыстарының кодын (бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік, мемлекеттік мекеменің коды және оның бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне керек-жарағы, сомасы) және осы шығыстар көшірілетін шығыстардың кодын қамтиды.

                                     "Мемлекеттік мекемелердің
                                    міндеттемелерді қабылдауына
                                       рұқсаттар беру ережесін
                                      бекіту туралы" Қазақстан
                                   Республикасы Қаржы министрінің
                                     2004 жылғы 30 желтоқсандағы
                                      N 469 бұйрығына 1-қосымша

                    N_______ РҰҚСАТ

     Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _________________________
     Рұқсаттың түрі: _____________________________________________
     Рұқсат берілген күн _________________________________________
     Рұқсаттың қолданылу мерзімі: ______ жылғы 31 желтоқсанды қоса
     алғанда
     Рұқсаттың мақсаты: міндеттемелер қабылдауы үшін ведомстволық
     бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар сомасын бөлу
     Өлшем бірлігі: теңге

     Бюджетті атқару жөніндегі
     уәкілетті органның басшысы _________________________
                                         (қолы)

Бюджет
сыныпта-
масының
коды

Бір
жылға
жоспар-
ланған
рұқсат

Алдын
ала
берілген
рұқсат

Ағым-
дағы
рұқсат

Жылдың басынан
бастап рұқсат
берілді

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Жиыны






Рұқсат  __________________________________________________________
жазылды             (парақ саны цифрмен және жазбаша)

5-бағанның жалпы сомасы __________________________________________
                             (сомасы цифрмен және жазбаша)

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесі бастығының қолы   ___________________________
                                                 (қолы)

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органның жауапты орындаушысының қолы   ___________________________
                                                 (қолы)

                                     "Мемлекеттік мекемелердің
                                    міндеттемелерді қабылдауына
                                       рұқсаттар беру ережесін
                                      бекіту  туралы" Қазақстан
                                   Республикасы Қаржы министрінің
                                     2004 жылғы 30 желтоқсандағы
                                      N 469 бұйрығына 2-қосымша

                    N_______ РҰҚСАТ

     Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _________________________
     Мемлекеттік мекеменің коды __________________________________
     Мемлекеттік мекеменің атауы _________________________________
     Рұқсаттың түрі ______________________________________________
     Рұқсаттың мақсаты: осы рұқсаттың сомасы шегінде шығыстар
     бойынша міндеттемелер қабылдау
     Рұқсаттың қолданылу мерзімі: ______ жылғы 31 желтоқсанды қоса
     алғанда
     Рұқсат берілген күн _________________________________________
     Өлшем бірлігі: теңге

     Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
     уәкілетті органның (Қазынашылықтың
     аумақтық бөлімшесінің) басшысы ______________________________
                                                (қолы)

Бюджет
сыныпта-
масының
коды

Бір
жылға
жоспар-
ланған
рұқсат

Алдын
ала
берілген
рұқсат

Ағым-
дағы
рұқсат

Жылдың басынан
бастап рұқсат
берілді

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Жиыны






Рұқсат ___________________________________________________ жазылды
               (парақ саны цифрмен және жазбаша)

5-бағанның жалпы сомасы ___________________________________________
                              (сомасы цифрмен және жазбаша)

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган құрылымдық бөлімше
(Қазынашылықтың  аумақтық бөлімшесі)
бастығының қолы                          __________________________
                                                  (қолы)

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның (Қазынашылықтың
аумақтық  бөлімшесінің) жауапты
орындаушының қолы                        __________________________
                                                  (қолы)

                                           Мемлекеттік мекемелерді
                                         міндеттемелер қабылдауын
                                        рұқсаттама беру ережелеріне
                                                 3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2006.06.20. N 213 бұйрығымен .

                        200__ж. "___"________
                    N___рұқсаттама тізілімі

  ________________________________________________________________
   (Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті өкілетті органның атауы)

N р/б

Мемлекеттік мекеменің коды

Рұқсаттама
N

Рұқсаттама мерзімі

Рұқсаттама сомасы

Ескертулер*

1

2

3

4

5

6

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті өкілетті
органның, басшысы            _________________   ________________
                               (Аты-жөні.)           (қолы)

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті өкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің
бастығы                      _________________   ________________
                               (Аты-жөні.)           (қолы)

* осы жол қазынашылықтың өңірлік бөлімшесінің жауапты атқарушысымен толтырылады

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
N 469 бұйрығына қосымша  

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

     1. "Қаржы шығынына лимит белгілеу арқылы жергілікті бюджеттерінің есебінен ұсталатын, мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1996 жылғы 11 желтоқсанда N 231 болып тіркелді).
     2. "Жергілікті бюджетте тұратын бюджет мекемелерінің қаржыны жұмсау лимитін бекіту арқылы қаржыландыру туралы Нұсқаулығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 26 ақпандағы N 49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1997 жылғы 14 наурызда N 39 болып тіркелді).
     3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 13 сәуірде N 1111 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады