Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіyің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 мамырда N 1138 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 (V043358)бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерін бекіту туралы" N 1650 P971650_ қаулысын жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларында опат болғандар санын азайту, жол-көлік оқиғаларына қатысушылардың өзіне және өзара көмекті дер кезінде көрсете алуы мақсатында бұйырамын:
     1. Қоса берілген:
     1) Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамы;
     2) Жол-көлік оқиғаларына қатысушылар алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығындағы дәрілік заттарды қолдануы, өзіне - және өзара көмек көрсетуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі "Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы" N 172 V990739_ бұйрығы өз күшін жойды деп есептелсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Төрайымның Бірінші орынбасары С.Е. Ыбыраевқа жүктелсін.

      Төрайым

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Денсаулық сақтау істері
                                        жөніндегі агенттігінің
                                        2000 жылғы 18 сәуір
                                        N 225 бұйрығымен бекітілген

             Алғашқы көмек көрсетуге арналған
             (автокөліктік) дәрі жиынтығының
                         құрамы

____________________________________________________________________
  р/н                 Аталымы                             Саны
___________________________________________________________________
   1                     2                                 3
____________________________________________________________________
    Мертіккенде (соғылғанда, сынықта, буын тайғанда,
    күйгенде), жарақаттарда, естен тану кезінде
    қолданылатын ауруды басатын, қабынуға және естен
    тануға қарсы дәрілік заттар
 1) анальгин 0,5 N 10                                     1 орам
 2) ацетилсалицил қышқылы (аспирин) 0,5 N 10              1 орам
 3) 30% сульфацил натрий ерітіндісі - 5,0 (көз
    тамшылары)                                            1 сауыт
    Қан кетуді тоқтатуға, өңдеуге және жарақатты
    таңуға арналған құралдар
 4) эсмарх түріндегі қан тоқтататын бұрау                 1 дана
 5) 10х5 стерилді бинт                                    1 дана
 6) 10х5 стерилді емес бинт                               1 дана
 7) 5х5 стерилді емес бинт                                1 дана
 8) 65х43 мақта-дәке стерилді таңғыш                      1 дана
 9) 2,5х7,2 немесе 6х10 бактерицидтік                     4 дана
    жапсырғыш пластырь
 10) стерилді дәке салфеткалары                           2 орам
 11) 5% спиртті йод ерітіндісі немесе 1%                  1 сауыт
     бриллиант жасылы ерітіндісі
 12) 1х500, 2х500 немесе 1х250 медициналық                1 дана
     жапсырғыш пластырь
 13) N 1, 3, 6 медициналық түтікшелі эластикалық бинт     1 дана
 14) 50 г стерилді емес гигроскопиялық мақта              1 дана
 15) 3% сутегі пероксиді ерітіндісі (немесе гидроперит    1 сауыт
     - 1 орам)
    Жүрек ауырғанда қолданылатын дәрілер
 16) N 40 нитроглицерин таблеткалары немесе N 20
     капсулалары (тринитролонг)                           1 орам
 17) Валидол таблеткалары немесе капсулалары              1 орам
     Естен таңғанда (коллапста) қолданылатын дәрілер
 18) 10% аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті) -             1 орам
     сауыттарда немесе ампулаларда
     Тамақтан уланғанда қолданылатын дәрілер
 19) N 10 активтендірілген көмір                           2 орам
     Стресс реакцияларында қолданылатын дәрілер            1 сауыт
  20) Корвалол    

Ескерту:
     Дәрілік заттар қобдишада сақталады. Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығына дәріні қабылдауға арналған кішкене стақан мен өзіне - және өзара көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі.
     Тізімде көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өз бетінше ауыстыруға және таңбасына нұқсан келген, жарамды мерзімі өткен дәрілік заттарды қолдануға жол берілмейді.
     Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығы дер кезінде толықтырылып отыруға тиіс.

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Денсаулық сақтау істері
                                        жөніндегі агенттігінің
                                        2000 жылғы 18 сәуір
                                        N 225 бұйрығымен бекітілген

        Жол-көлік оқиғаларына қатысушылар алғашқы көмек
           көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі
           жиынтығындағы дәрілік заттарды қолдануы,
         өзіне - және өзара көмек көрсетуі жөніндегі
                       нұсқаулық


     1. Мертігу: соғылу, сынықтар, буын таюлар
     Мертігуде ауыруды басатын дәрілік заттар (анальгин) береді, аяқ-қолды (шиналармен, қолда бар құралдармен қысады немесе қолды денеге, аяқты аяққа қысып) иммобилизациялайды, мертіккен жерге суық басады.
     2. Жарақаттар мен қан кетулер
     Күре тамырдан қан кетуден (қан ашық қызыл түсті, ырғақты ағыспен шығады) - жарақаттан жоғарырақ жіппен қысып байлайды, байланған уақыты жазылған парақша қыстырылады, жарақатты таңады. Аяқ-қолды иммобилизациялап,жарылыға ауыруды басатын дәрілік зат (анальгин) береді.
     Көк тамырдан қан кетуде (қан түсі қара қошқыл, ырғақсыз ағады) - жарақат бетіне стерильді салфетка бастырады және дәкемен үстінен таңып тастайды.
     Ұсақ тамырдан қан кетуден - жарақатты стерильді таңғышпен таңады, ауыруды басатын дәрі (анальгин) береді. Ұсақ жарақаттар мен денеге түскен дақтарды бриллиант жасылы ерітіндісімен, йод немесе сутегі тотығымен өңдейді, бактерицидтік пластырь жапсырады.
     3. Күйіктер
     Жайылған күйікті стерильді таңғышпен таңады, ауыруды басатын дәрі (анальгин) беру керек. Бір стақан сілтілі су ішкізеді.
     4. Жүрек ауыруы
     Жүрек ауырғанда нитроглицерин немесе валидолдың бір таблеткасын тілінің астына салады немесе 50 мл суға 15-20 тамшы корвалол араластырып береді.
     5. Естен тану
     Жаралыны жерге жатқызады, аяқтарын сәл көтеріп, мақтаға тамызылған мүсәтір спиртін иіскетеді.
     6. Стрестік реакциялар
     50 мл суға 30 тамшы корвалол араластырып, науқасқа ішкізеді.
     7. Жүрек-өкпе реанимациясы
     Науқас естен таңғанда, тынысы мен күре тамырының соғу ырғағы білінбеген кезде жүргізіледі. Жүрекке тікелей емес массаж және "ауызға-ауыз" тәсілімен қолдан тыныс алдыру жасалады, бұл медицина қызметкері келгенше немесе тынысы мен тамыр соғуы қалпына келгенше жүргізіледі.
     8. Улану
     Асқазанын шайғызады. 2-3 таблетка активтендірілген көмір береді.
     9. Көздің зақымдануы
     Көзге бөгде заттар түскенде немесе жарақаттанғанда сумен жуып, 2-3 тамшы натрий сульфацилин тамызу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады